171
ескеру балаларды үйретудің әр кезеңінің жеке практикалық міндеттерін
анықтайды.
Бірінші
кезең-қимыл-қозғалыс
әрекеттерінің
бастапқы
үйретілуімен
сипатталады; екінші кезең-тереңдей үйренумен; үшінші кезең-қимыл-
қозғалыс әрекетін нығайту және
жетілдірумен сипатталады.
Бастапқы үйретудің
бірінші кезеңінде: балаларды жаңа қимыл-қозғалыс
әрекеттерімен таныстыру, бүкіл қимыл-қозғалыстық акт жайлы тұтас түсінік
тудыру және оны меңгергенге дейін оны жалпы сипатта орындай отырып
үйрене бастау міндеттері қойылады. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру
үшін баланың тапсырманы жан-жақты қабылдауын қамтамасыз ету, негізгі
анализаторлардың бәріне - кӛру, есту, қимыл-қозғалыс, әсер ету, тұтас
алғанда, қимыл-қозғалыстық акт жайлы түсінік тудыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: