173
ескерткен жӛн. Балалар орындарына тұрғаннан соң тәрбиеші: «Балалар, біз
ӛткен сабақта жасаған жаттығуды еске түсіріңдер. Екі қолды жая артқа қарай
апарып, содан кейін оларды бүкпестен алға созып алақандарыңды
шапалақтаңдар»,-дейді. Мұндай еске түсіру балаларға қозғалыс бейнесінің
бәрін рет-ретімен елестеді де балалар оны тәрбиеші кӛрсетпей-ақ, орындай
алады. Мұнымен бірге оларда ықылас қою, ойлау және ӛз бетімен орындау
тілегі артады. Егер қимыл-қозғалыс неғұрлым күрделі болса, нақты еске
түсіруді қимыл-қозғалысты түсіндіріп кӛрсетуді (дәлдеп лақтыру, биіктіктен
секіру т.б.) пайдаланған жӛн. Қимыл-қозғалыс күрделілігін талдау негізінде
тәсілдерді таңдауда оларды қолданудың баланы әлі жетерліктей ақыл-ой және
дене күшін жұмсауға тарту қажеттілігі кӛрінеді.
Yшінші кезеңдегі міндеттің мәні қимыл-қозғалыстық әрекет техникасын
меңгеруде ие болған дағдыны бекіту және жетілдіруде, балаларды қимыл-
қозғалысты тұтасынан ӛз бетімен орындауға ынталандыруда және оны
ойындарда, ӛмірде қолдануға мүмкіндік жасауда болады.
Достарыңызбен бөлісу: