Бала бағушы дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға кӛмектеседі. Ол
бӛлмелердің, спорт залының тазалығы мен ауасының тазаруын қадағалап
отырады. Сәбилерге серуенге, дене шынықтыру сабағына барарда киінулеріне
кӛмектеседі. Сонымен бірге, балаларды мезгілінде тамақтандырып, ұйықтатып,
оларды қоғамдық гигиеналық әдетке қалыптастырады, дене шынықтыру құрал-
саймандарын күтіп ұстайды (доптарды жуу, т.б.). Бала бағушы балаларға ӛз
жұмысымен үлгі кӛрсете білсе, олардың дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс
шешулерінде атқаратын рӛлі зор.