Музыка жетекшісі тәрбиешімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар дене
және музыка тәрбиесі жоспарларын ӛзара үйлестіре отырып, бірыңғай дене
жаттығуларын жасайды, сонымен қатар мерекелік бағдарламаларды,
таңертеңгілік
жаттығу
кешендерін
талқылайды.
Музыка
жетекшісі
таңертеңгілік жаттығуда, дене шынықтыру сабағында оларды музыкамен
сүйемелдеп отырады, қимыл-қозғалыс ойындарын жасағанда керекті әндер,
ырғақтарды таңдауға кеңес береді. Музыка жетекшісіне балалардың дене
тәрбиесі бойынша сабағына теориялық, практикалық дайындығы керек, бұл
оған музыка сабақтарында секіріп билеу, ӛлең айтып, ойнауды дұрыс
қолдануына мүмкіндік береді.