301
2) дене тәрбиесінің жүргізілуін дәрігерлік-педагогикалық бақылауға алу, дене
жаттығуларының мазмұны мен жүргізу әдістемесін және балалардың
организмінің жасына байланысты функциялық мүмкіншіліктерінің үйлесуін
тексеру;
3) дене жаттығулары сабақтарын ертеңгілік гимнастиканы, қимыл-қозғалыс
ойындарын, спорттық жаттығуларды, шынықтыру шараларын ӛткізетін
жерлерге, дене тәрбиесі жабдықтарының, құрал-саймандарының, сондай-ақ
дене тәрбиесімен айналысушылардың гигиеналық жағдайларына санитарлық
бақылау;
4) ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің арасында санитарлық-ағарту
жұмысын жүргізу кіреді.
Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру дәрігердің, медбикенің, педагогтың
бірлескен жұмысы бойынша қарастырылады. Балалар дене тәрбиесі
құралдарының алуандығы оның организмге әсер ететін сауықтыру тиімділігіне
дәрігерлік бақылау жүргізуді талап етеді. Бұл іспен ғылыми орталық және дене
шынықтыру диспансерінің, санитарлық-эпидемиологиялық стансалардың,
балалар гигиенасы бӛлімдерінің әдістемелік жағынан басшылық етуімен
балалар мекемелерінің дәрігерлері айналысады. Мектепалды және мектепке
дейінгі мекемелерде балалар денсаулығының жағдайын бақылау жоспарлы
түрде балаларды қосымша қайталап қарау түрінде шынықтыру процедуралары
басталар алдында жүргізіледі. Бӛбекжай жасында сәби денсаулығындағы кез
келген жағымсыздық дене тәрбиесін жүргізуге карама-қайшылық әкелмек.
Денсаулығы мен денесінің даму жағдайына қарай балалар үш топқа бӛлінуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: