138
жүргізу үшін ғана берілмейді, мұғалімге көмек, жаңа материалды жан-жақты игерту
мақсатында да беріледі.
Бағалау. Бағалау нормативі, оған қойылатын талаптар бағдарламада да берілген.
Соны басшылыққа алу керек. Бағалау міндетті түрде түсіндірмелі талдау әдісімен беріледі. Бұл,
әсіресе, бала білімін ауызша талдауда іске асырылады. Шығарма, мазмұндама сияқты жазба
жұмыстардың аяғында пікір беріледі. Қателері жинақталып көрсетіледі. Талдау әдісімен
бағалауда оқушылар пікірімен, сыныптың пікірімен есептесіп отырған да жөн. Оқушы өзіне
қойылатын бағаға келісе ме, оны да білудің артықтығы жоқ - Кейде оқушыларға өз білімін өзіне
бағалатудың да маңызы зор.
Бұл тәсіл оларды әділдікке тәрбиелейді. Өз-өзіне сын көзбен қарауға баулиды. Онда
да оқушы бағаны талдау, түсіндіру аркылы қояды. (Соған баулу қажет.) Өз бағасына
келіспеген оқушы егер қайта дайындалып келіп, айтайын десе, оған да мүмкіндік беру керек.
Баға қоюдағы басты мақсат окушыға білім берудің негізінен туындамай ма? Баға қоюда
мұғалім ерекше әділ болғаны жөн. Қатал талап та, терең талдау да, көрегендік пен мейірім де,
тіпті кешірім де бағалау кезінде өте керекті мәселелер. Әсіресе, «орташ» , «төмен» оқитын,
денсаулығы нашар немесе жетім балалар білімін бағалауда мұғалімге педагогикалык әдеп,
ерекше ілтипат керек. Әділ, қатал болам деп, үнемі «2» немесе «3» қоя беру мұғалімді де,
оқушыны да жетістіктерге жеткізбейді. Тамаша ұстаздар «екілікті» баланы жазалау түрі деп,
әлдіненің әлсізге жасаған қысастығы деп түсініп, оны қоя беруден бас тартады. Оның
орнына нашар оқу себебін анықтайды, көмектеседі, қосымша сабақ өткізеді, өз сабағын
барлық оқушыға қызықты етіп өтетін дәрежеде ойластырады. Қазір балаларды
қабілеті, ынтасы, икеміне қарай оқыту тәжірибеге молынан енуде. Бұл - аса кұптайтын
мәселе. Мұғалім алдында математикадан қабілетті оқушы отырса немесе әнші, өнерпаз бала
отырса, қолы шебер, ісмер бала отырса, оған кешіріммен қарап, үлгерімін жақсарту үшін,
ізденген жөн. Баға - тек бала білімінің анықтаушысы емес, ол мұғалім еңбегінің де жемісі,
анықтаушысы болып табылады.
Төменде даралап оқытуға негізделген бірнеше көмектер үлгісі беріліп отыр. (М.О.Әуезов
шығармашылығы бойынша.)
Достарыңызбен бөлісу: