141
оқушыға жеңіл, қонымды, қызықты әдіс-тәсілдерін ізденеді, әрі тіл дамыту тек бір ғана
мақсатты - тіл дамытуды ғана көздемейді. Ол белгілі бір білім, ұғым беру негізінде жүзеге
асады. Оқушының білімі терең, дүниетанымы, ұғымы кең болса, тілі де бай болады. «Билер
соты» сабағынан оқушы ең әуелі халықтың әдет-дәстүрі туралы түсінік алады (билер,
дала соты, т.б.). Екіншіден, сөздік қорлары байиды. Үшіншіден, бұл сабақ таптаурын
болған «сұрақ-жауапқа» негізделген сабақ емес, оның түрі, құрылысы оқушыларды қатты
кызықтырады. Жас ерекшелігіне қарай осындай күрделі мәселелерді ойын элементі бар сабақ
негізіңде меңгереді. Ең бастысы, бұл сабақ құрғақ сөздерге емес, шығарманың өз тіліне
кұрылады. Оқушыларының кітаби емес сөйлеу дағдысын қалыптастыруға еңбек етеді,
әсіресе, Әуезовше сөйлеуге дағдыландырады. Оқушылар кез келген әдеби шығарма
бойынша билер тартысы сабағын өтіп отырған жоқ, мұғалім кез келген көркем шығарма
негізінде тіл дамыту еңбегін жасап жатқан жоқ, олар Абайдан кейінгі қазақ әдеби тілінің
баюына да шығармаларымен ғажайып үлес қосқан Әуезов шығармаларының негізінде
жұмыс жүргізіп жатыр.
Оқушылардың көркем тілін дамытуда пікір қорғау, әдеби айтыс сабақтарының да орны
ерекше (әсіресе, ауызша сөйлеу тілін әдеби таласка түсетін балалар сылдыр сөйлей бермей, өз
ойларын дәлелді түрде жеткізу үшін, ғылыми материалдар, әңгіме болып жатқан көркем
шығарманың өзінен нақты мысалдар алып, үзінді дәйектемеге сүйене отырып, сөйлеулері керек.
Мысалы, пікірталасы «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесіне, соның ішінде «Ұлжан
бакытты ана ма?» деген сұрақ айналасында жүрсе (әрине, бұл пікірталастың бір ғана сұрағы),
оқушылар Ұлжанның мына бір сөздерін өз пікіріне колдануға болады:
«Балам-ай,
күндестің аты күндес те ! Қу жараны жалап жазған боламыз да. Әйтпесе менің де қай сырымды
біліпсің! Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін, «Күндестің күлі күндес»дегенді сен
білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді бер. Бір кезде жақсы жақының еді.Кім тентек, кім
мақұл?Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол!»
Бұл үзінділер, біріншіден, Ұлжан бейнесін ашуға көмек жасаса, екіншіден, «күндестің
аты - күндес», «күндестің күлі күндес» деген сияқты бүгін де қолдануда сирек кездесетін
сөздерді оқушыларға таныстырады. Тоғжан, Әйгерім, т. б. әйелдер бейнесі туралы сөз
қозғағанда, олардың жоғарыдағыдай тек сөйлеу тілі емес, портреті, іс-әрекеттерін
сипаттайтын жерлерден де мысал алу тиімді. Себебі, М.Әуезовтің көркем, сұлу тілі әйелдер
бейнесіне ерекше үйіліп-төгілген.
Жоғарыда айтылып кеткендей, тіл ұстартуы көркем.
Шығарма тілінің негізінде жүргізілсе, соның бір тәсілі - осындай мәтінмен жұмыстар.
Эпопеядағы әйелдер бейнесін оқытуға практикалык жұмыстар жүргізе отырып,
оқушылардың көркем тілін дамыту айналасында еңбек-тенуге болады. Практикалық
жұмыс жазушының ғйелдер бейнесін жасаудағы эстетикалық табысы айналасында
орындалады. Портреттер бойынша теңеу, эпитеттерді анықтату сияқты жұмыстар
істелінеді. Сондай-ақ эпопеяның «Жайлауда» бөлімінің 324-334-беттері бойынша
жазушының тіл көркемдігіне талдау жасату - аса тиімді. Осы он шақты беттерде Әуезов
Біржан, Оралбай, Керімбала, Әйгерім, Үмітей, Балбала, Базаралылардың кескін-келбетін көз
алдыңа шебер, небір айшықты сөздермен кестелей әкеледі. Осының алдындағы оқиғалардан
жүдеу тартқан сезімін осы беттерді оқығанда, көктем гүліндей құлпырады, ғажап бір нұрлы
жайлауға тап болғандай боласың. Әуезов жырлаған қуарған сахарадан бір сәт кәусар суын
ішіп, сұлулык жұмағына кіргендей сезінесің, сахара да әп-сәтте ұжмаққа айналып жүре
береді. Мысалы,
Әйгерім әні, оның Абайға, айналасына әсері былай суреттелінеді:
«Ал, бибай, саған айтам игайымды... Арғы сөзі Абайдың құлағына кірген жоқ. Барды
айтып жатқан сөз емес, әуенмен үн... Көп күміс қоңырау сән түзеп, бір үн сала ма? Әлде нендей
ғайып текті ақ қанатты асыл зат кө жүзінде күнге шағылыса ма! Күміс сыбдыр нүр шашып,
сырлы аспанға мәлімсіз сапарға серікке шақыра ма?! «Берші сараң, сырдйц бойыңды! Түйіліп
қалған жүрегі, тартылып қалған, ашылмай тығылған жан сырым бар. Ашшы сырыңды! Өрге,
өнерге шақырайын бар үніммен. Иықтан басқан зілден, мынау дел-сал күйден өтші! Сонда...
сонда осы толқынды торғын желек астындағы жас сұлудай, жанындағы жарындай, осының
нәркес көз, бұлбұл нақыс үніндей, ақ тамақ, алгүл жүзіндей жас жарастық, жарқын өнер
142
төгілер еді өзіңнен! Шықшы іркілмей, бұқпашы баяу! Мені де еліктір, өзің де өрлеп, желікші,
желпінші. Мынау нәзік қоңыр сәулелі көлеңке сияқты қорғалық асыл өнеріңді ашшы!» дейді
жұртқа қарап шырқаса да, Абайға арнап наз тілек тастап отыр.
Ал осындағы бірде-бір сөзді өзгертуге болмайды. Немесе, Абай қанша Тоғжан
бейнесінде қабылдасын, қанша Тоғжанға ұқсатсын, Әйгерім портретіне Тоғжан портретінен
бір сөз ауыстыруға бола ма?! Жазушы шеберлігі де, кұдіреттілігі де,
тілінің көркемділігі
де осында жатса керек. Оқушылардың көркем тілін дамыту, ең алдымен, сол өзі оқып жатқан
шығарманы үлгі етуден басталу керек. Сабақ түрлері көп. Баланың тілін оның түрлері
дамытпайды, сондағы түрлі жұмыстар, яғни тіл ұстартуға арналған әр түрлі жұмыстар
дамытады.
Практикалық сабақтар тіл дамыту жұмыстарына қолайлы болып келеді. Мысалы,
І.Жансүгіров шығармашылығын оқытып болған соң, қорытынды сабакты ақын поэзиясының
тіл көркемдігі, поэтикалық, эстетикалық нәрі, табысы айналасында өтуге болады. Мұндай
жұмыстар тек бала білімін тереңдетіп қана қоймай, тілін дамытуға, қазақтың бай тілін
меңгертуге,
оны бейнелі, образды, көркем түрде пайдалана білуге де жетелейді.
1. «Құлагер» поэмасындағы Көкше көріністеріне поэтикалық талдау жасата отырып,
оны С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Көкшетау көріністерімен салыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: