Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет144/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

Әдеби конференциялар 


 
162 
Әдеби  конференцияларды  үлкен  бір  проблемалар,  тақырыптар  бойынша  жүйелі 
өткізіп  тұру  тиімді.  «Қайта  оралған  есімдер»  шығармашылығы  бойынша  мынадай 
тақырыптарды қамтуга болады: 
1. 
Мағжан поэзиясындағы нышан, романтика, миф. 
а) Шәкәрім - Шығыс поэзиясындагы жарқын тұлға. ә) Шәкәрім поэзиясындағы 
Абай үлгісі, Абай әсері. 
2. Ана тілін түрлеген Ахаң. 
 
3. Жүсіпбек прозасындағы шеберлік пен шешендік. 
4. Міржақып - алғашқы қазақ романының авторы. 
 
СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУЛАР 
Жас өскіндердің сөз құдіретіне  деген сезімін оятуда,  әдеби  дүниетанымын  кеңейтуде, өз 
беттерімен  көркем  шығармалар  оқуға  баулуда,  оқырмандардың  дағдысын  қалыптастыруда 
сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызы,  рөлі  ерекше.  Әдебиет  сабағы,  сабақ  процесіндегі 
жұмыстар  мен  сыныптан  тыс  жұмыстар  тонның  ішкі  бауындай  қабысып,  бірлікте  жүріп 
отыруы  керек.  Оқу  бағдарламасындағы  оқып,  талдауға  ұсынылатын  шығармалардың 
барлығын  сабақ  процесінде  игеріп  біту  мүмкін  нәрсе  емес.  Көркем  шығарманы  окудың 
басты-басты  кезеңдері  сыныптан  тыс  мезгілде  жүзеге  асырылады.  Сыныптан  тыс 
оқулардың  басты  мақсаттарының  бірі  - кітаппен жұыс  істеуге үйрету,  өз  беттерімен  оны 
тыңдай  білу,  оқығандарының  ішінен  ен  негізгі,  басты  мәселелерді  еске  ұстау  дағдыларын 
қалыптастыру. Сыныптан тыс оқу сабақтарын ізденіспен өткізетін мүғалімдер  кабинетте, 
кітапханада  арнайы  «Сыныптан  тыс  оқу»  бұрышын  ұйымдастырады.  Ол  мынадай 
бөлімдерден тұрады. Мұғалім еркіне қарай: 
1.  Оқу  бағдарламасында  ұсынылатын  кітаптар  тізімін  сынып  бойынша  көркем  етіп 
жазып кою: 
Ү л г і (5-сынып) 
 
1 . Авторы  
Кітаптың, 
шығармалардың аты  
Баспасы, 
шыққан жылы  
Кітапты  қайдан 
алуға болады  

тоқсан: 
М.Әуезов 
II 
токсан: 
Ғ.Мүсірепов  
«Жетім» 
«Жапон 
балладалары»  
Тандамалы, I т.  
Мектеп 
кітапханасы 
Мектеп 
кітапханасы №...  
 
 
2. Өз беттерімен кітап оқудың көмекші-нұсқауын беру. 
Кітап оқығанда, мына мәселелерді есте ұстау: 
Кітапты жатып оқыма, денеңді тік ұстап, дұрыс отырып оқы. 
Басты кейіпкерлер, негізгі оқиғалар есінде қалу үшін, арнайы күнделік-дәптер ашып 
қой. 
Мына үлгіні пайдалануыңа болады: 
 
Автор  
Кітаптың 
аты  
Қашан 
оқыдым  
Басты 
оқиғалар  
Негізгі 
кейіпкер  
Өзіме ұнағандары  


 
163 
 
 
 
 
 
 
 
3. «Сүйінші» айдарымен басылымдардан шығып жатқан кітаптар тізімін жасап, 
оқушыларды таныстырып отыру. (Аннотация беру - тұжырымды түрде.) 
4. Әлем әдебиетінің алтын қорына жататын ұлы туындыларды оқу (әрине, 
окушылардың жас ерекшелігіне қарай, сыныбы бойынша). 
5. Осы «Сыныптан тыс оқу» бұрышына «Оқырмандар экраны» немесе «Кітап сүйгіштер 
жеңімпазы»,  «Кітап  білгірлері»,  т.б.  тақырыппен  көрсеткіш-тақта  жасап  қоюға  бола- 
ды. Қай сыныпта, кім қанша кітап оқыды (тоқсандық), соны дәріптеп, мадақтап, үлгі ретінде 
іліп коюдың маңызы ерекше. 
Ең  басты  мәселе,  мұғалім  оқушылардың  сыныптан  тыс  оқуын,  сыныптан  тыс  оку 
сабақтарын ғылыми түрде, тиімді, қызықты ұйымдастыра білуі керек. 
Сыныптан тыс оқуларда ата-аналар мен кітапхананың да атқарар рөлі зор. Әдебиет 
мұғалімі  сынып  жетекшілерімен,  ата-аналармен  байланыса  отырып,  әр  баланың  жеке 
кітапханасы болуына, үйде оны қалай  құру керек екеніне  көңіл бөледі, ақыл-кеңес береді. 
Бүл  жұмыс  нәтижелі  болуы  үшін,  тоқсанына  бір  рет  «Кітап  -  рухани  байлык»,  «Менің 
кітапханаммен танысыңыз» атты әңгімелер өткізіп тұруға болады. Ата-аналардың осындай 
әңгімелерге  қатысуы  да  артық  болмас  еді.  Мектеп  кітапханашысының  жұмыс 
жоспарына  да  назар  аударып,  әдебиет  мүғалімі  онымен  тығыз  байланыста  еңбек  етуі 
керек.  Мүмкіндігіне  қарай  кітапханашы  әдебиетші  мұғалім  берген  тізімдер  бойынша 
балаларға  кітап  оқытуды  қамтамасыз  етеді,  кітап  оқудың  ережелерімен  таныстырады, 
сөйтіп,  сыныптан  тыс  оқу  жоспарлы,  мақсатты,  жүйелі  түрде,  әрі  бірлікте  ұйымдасты-
рылады.  Мектептерде  сыныптан  тыс  оқу  бүкіл  мектеп  жұмысының  күре  тамыры,  жүрек 
соғысы  болып  есептеледі.  Себебі,  кітап  оқымау  деген  сөз  -  ой  еңбегі  жоқ  деген  сөз.  Тарих, 
география, биология, тіпті математиканы меңгеру үшін, ең алдымен бала кітапты қатесіз, еркін 
оқи  білуі  керек.  Сол  себептен  де  кітап  бүкіл  білімнің,  ілімнің  ұлы  анасы.  Мектепішілк 
конкурстар, жарыстар, әдеби ойындар, кітап оку мәдениеті, маңызы, т. б. такырыптарға тәрбие 
сағаттарын жүргізу, оқырмандар конференциясын өткізудің маңызы ерекше. Мұндай әр түрлі 
жұмыстарды  бір  маңызды  тақырып  айналасында  өткізуге  болады.  Мысалы,  М.Әуезов 
шығармашылығына байланысты мынадай жұмыстар жүргізіледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет