Өлең
бөлімдері
Тақырыбы
Өлеңнен
үзінділер
(Әбіш сипатына)
Мінездеме
I бөлім
Боямасыз ақ
көңіл
«Ер Әбіш», «елден асқан
ерек», «жүрегі жылы, бойы
кұрыш»
Әбіш - елден
асқан ақылды әрі
ер, мейірімді, ғы-
лымға
талап-
ты, ақ көңіл
адам...
Лирикалық шығармаларды көркемөнер туындыларымен байланыстыра өтудің маңызы
жоғарыда айтылды. Мысалы, Жұмағали Саиннің «Есімде Айдар өзені», сондай -ақ
Қ.Аманжоловтың «Туған жер», «Домбыра» (8-сынып) өлеңдерін өту кезінде музыкамен
байланыстырудың маңызы зор болмақ.
«Есімде Айдар өзені» - майдан, жорық, айқас лирикасы. Лирикалық кейіпкер еске
түсіру арқылы, лирикалық шегініс арқылы соғысты, достарын, құрбандарды еске түсіреді.
Азаттық ерлері өлмек емес, олар үнемі тірілерді «тербетіп, тірілерге ой салады». Соғыс
сұмдығы дінге де, тілге де, ұлтқа да қарамайды. Оның заңы біреу - өлім не өмір. Міне, өлеңнің
осындай қасиеттерін, терең ойын оқушыға жеткізудің өзіндік ізденісті керек ететіні түсінікті.
Сабақ басталар алдында «Қасиетті соғыс» өлеңін немесе «Кестелі орамал», «Қараңғы түн»
әндерін күйтабақтан тыңдауға болады. Оқушыларды асықтырмай, қайта әнді тыңдауларына,
бір сәт болса да, ойға шомуларына жағдай туғызу керек. Мұндай сәттерде артық сөз, артық
қимылдың болмағаны жөн. Музыка аяқтала бергенде, өлең мәнермен оқылуға тиіс
(үнтаспаға жазып, оны тыңдаудын да тиімділігі зор болмақ). Оқушыларға осылай
эмоциялық жағдай туғыза отырып, талдау - лирикалық туындыларды өтудің тиімді әдіс-
тәсілдерінің бірі. Кейде музыка біткен соң, мүғалім өлеңді екі түрлі дауыс ырғағымен оқиды.
Біреуін екпінді, шабытты, жігерлі үнмен, екіншісін мұңды, сазды, ойлы, тебіреністі, баяу
үнмен. Міне, осы оқу мәнері арқылы да проблема туғызуға болады. «Қай мәнер өлең
идеясын, оның негізінде жатқан автор ойын аша алады?» - деген сияқты. Өлеңді талдау
алдында: «Балалар, бір сәт ойға кетейікші, ақын осы өлеңді жорық, соғыс үстінде жазған ба,
жоқ, сғгыстан соң жазған ба?» - деген сұрақ қою керек.
- Ал енді бір сәт ұшқыр қиялымызға жол ашайық. Түн... ел ұйқыда... Тек ақын ғана
дөңбекшіп, ұйықтай алмай, әуреге түсуде. Жаңа ғана шырт ұйқыда еді. Сонау Украина
орманында қалған достары - «Егіз ұл» өңіндегідей жанына кеп, әзілдеседі, бірақ... бірақ
бұл күлкі шорт үзілді, жарылған бомба гүрсілі сол күлкіні иелерімен бірге домалатып
алып кетті... Ақын шошып оянды... Екі досын еске алды, кеудесіне келіп, лықсыған
сағынышы жалынына қоса, көз жасы да төгіліп кетті. Отбасын оятып алмайын деп, басқа
бөлмеге барып, шырақ жарығымен «Айдар, Айдар, ақ Айдар!» - деп, бастап кетті...
Ал енді өздерің қалай көз алдарыңа келтірер едіңдер? Өлең қалай туған деп
ойлайсындар?.. Өлеңді өздерің қандай мәнермен оқыр едіңдер? (Себебін түсіндіреді.)
Осындай «Көңілашар» әңгімелесуден кейін, талдау жұмысын бастауға болады. Әрине, бұл
93
жерде бұрын оқушыларға таныс емес Жұмағали Саин туралы кіріспе әңгіме жасап,
оның шығармашылық жолына, өлеңде сөз етілген партизандық жолына қысқа да әсерлі
түсінік беру керек.
Лирикалық шығармаларды өтуде сабақ үлгісінің тиімді түрлерін таңдап алған дүрыс.
(Тақырып, сынып ерекшелігіне карай.) Мысалы, осы сабақты «Еске алу» сабағы, «Ерлік»
сабағы деп немесе «Айдармен сырласу» сабағы ретінде өтуге болады.
Үлгі: