Тезис те жоспардың негізінде жасалады. Сондықтан тезисті жазбас
бұрын еңбекті оқып, оның қажетті жерін бөліп, белгілеп алу керек, яғни
мәселені қысқа, нақты тұжырымдау үшін жоспар жасау керек. Сонан соң ғана
жоспарда көрсетілген мәселенің қысқаша тұжырымы беріледі. Тезис
дегеніміз ғылыми еңбекті барынша қысқартып көшіріп алу емес, ғылыми
еңбектегі айтылмақ, дәлелденбек негізгі мәселені бөліп алып, қысқаша, нақты
тұжырымдау.
Тезис бөліктері еңбектің құрылымын бұзбайтын өзара логикалық
байланыста болу керек. Мұның өзі еңбектегі мәліметтің жүйелі берілуін,
автордың ой шашыраңқылығына бой алдырмауына игі ықпал етеді.
Тезисте тұжырымдалған ой тезисті пайдалану барысында кеңейтуді,
дамытуды, дәлелдеуді, тіпті қорғауды қажет етеді. Яғни мәселені ары қарай
өрбітуге негіз болады.
Берілген жоспарды негізге ала отырып, тезис түзіп, тақырыпты ары