Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет73/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91
Байланысты:
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

            Дәйексөз  -  ғылыми  еңбектен  сөзбе-сөз  алынған  үзінді.  Дәйексөзді 
қолдану барысында оның қайдан алынғанын (еңбектің авторын, атын, алынған 
бетін,  жылын,  т.б.)  көрсету  ғылыми  еңбектің  басты  шарты.  Мәтін  ішінде 
дәйексөз тырнақшаға алынып жазылады. 
     Конспект  жасалатын  ақпараттық  көздердің  (  монография,  ғылыми 
мақала  т.б.)  көлеміне  қарай  оларды  конспектілеудің  бірнеше  тәсілдері  бар: 
қысқаша  конспектілеу  немесе  конспектінің  шағын  түрі,  толық  конспектілеу 
және  аралас  конспектілеу.  Қысқа  немесе  шағын  көлемді  конспектіде  еңбекте 
көтерілген мәселенің жалпы сипаты қарастырылады: мәселенің жалпы атауы, 
нені қамтитыны, сол мәселенің ғылым саласында алатын орны және т.б. Толық 


 
82 
конспектіде    көтерілген  мәселенің  маңызы,  қажеттілігі,  шешімі  дәлелді 
мәліметтер негізінде  түсіндіріледі,  ғылыми  тұжырымдалады.  Қажет болса,  әр 
түрлі  иллюстрациялық  материалдар  (сызба,  кесте,  график,  сурет  т.б.) 
қарастырылады.  Ал  аралас  конспект  жасауда  екі  тәсілдің  де  элементтері 
қолданылады. Мұнда ақпарат қажеттілігіне қарай өте қысқартылып та, толық 
қамтылып  та  қарастырылады.  Конспектінің  жазылуы  да  жоспарға 
негізделетіндіктен,  ғылыми  еңбектегі  кейбір  қысқа,  нақты  ғылыми  ой-
тұжырымдар жоспардың бір бөлігіне енгізілуі де мүмкін. 
           Конспект 
жасалатын 
ақпараттық 
көздердің 
санына 
қарай:                                                                                                                                        
монографиялық конспект - бір ғана еңбектің негізінде жасалатын конспект
шолу конспекті - бірнеше ақпараттық еңбектің негізінде жасалған конспект     
болып бөлінеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет