81
барысында еңбекті өз түйсігі, түсінігі бойынша қабылдап, қорытады да сол
ақпаратты есінде жақсы сақтайды. Конспект мәтіндегі негізгі мәселелерді
қамтуы қажет. Конспектіні жазған кезде мәтін сөйлемдерін сол қалпында
қалдырса да, ықшамдап қарапайым тілмен баяндаса да болады. Конспект
жазудағы негізгі мақсат - сол арқылы барлық мәліметті қажет кезінде еске
түсіру.
Біз, әдетте, конспектіні жазу барысында еңбекті оқып отырып қысқартуға
дағдыланғанбыз. Ол дұрыс емес. Мұндай әдіс еңбектегі қажетті ақпаратты
сұрыптап алуға кері әсер етеді. Сондықтан, конспект жазуға арнайы
дайындалу керек. Ол үшін:
- еңбекті бірнеше рет қайталап оқу арқылы оның мағынасына,
мазмұнына талдау жасап, түсіну керек;
- болашақ конспектінің жоспарын құру керек;
- құрылған жоспарға негіздеп конспектіге кіретін мәліметтерді
сұрыптау керек;
- сұрыпталған мәліметтерді ықшам да
нақты сөйлемдер арқылы жазу
керек;
- кейбір тіркестерді қысқартып жазуға болады (т.б.- тағы басқалар,
т.с.с.- тағы сол сияқты, б.т.- болып табылады);
- қажет болған жағдайда әр түрлі сызба, кесте, диаграмма да
енгізіледі;
- мәтіндегі ерекше маңызды мәселені өзгеріссіз жеткізу мақсатында
автордың ойын сөзбе-сөз, яғни цитата-дәйексөз ретінде енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: