Кадрлық резерв бағдарламасы Кадрлық резервті құру компанияны білікті қызметкерлермен сапалы қамтамасыз ету үшін қажет. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметі бойынша өсуге ынтасы бар, кəсіби
машықтығы мен басқарушылық біліктілігі жоғары ҚМГ компаниялар тобы
мамандарының қатарынан ҚМГ компаниялар тобының басқарушылық жəне
əкімшілік лауазымдары үшін кадрлық резервті қалыптастыру бойынша
үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.
Кадрлық резервке кандидаттар төмендегідей екі кезеңнен тұратын іріктеу
іс-шараларынан өтеді:
Бірінші кезең: қызметкерлерді сандық жəне вербалды ақпаратты талдауға
тестілеу жəне эссе жазу.
Екінші кезең: Ассессмент орталығының тексеру жүргізуі арқылы іскерлік
жəне көшбасшылық құзыреттілігін бағалау.
Іректеу іс-шараларының нəтижелері бойынша кадрлық резервке өткен
қызметкерлерге кəсіби біліктілігі мен көшбасшылық құзыреттіліктерін
жетілдіру үшін қызметін жеке дамыту жоспары жасалады.
Қазіргі уақытта ҚМГ кадрлық резервіне 9 қызметкер қабылданды. Сондай-ақ
ҚМГ еншілес ұйымдарында кадрлық резервпен жұмысты қалыптастыруға жəне
ұйымдастыруға байланысты бірыңғай корпоративті əдісті регламенттеу бойынша
жұмыс жүргізілуде.