Адам ресурстарын басқару
10
Органикалық ұйымдастырушылық мəдениеті бойынша,
қызметкерлер өздерінің еңбегінің мəні жұмыс барысында
болатын əлеуметтік қатынаста деп ұйғарады, олар топтық
пікірді бағалайды жəне оны қадірлейді.
Кəсіпкерлік ұйымдастырушылық мəдениеті бойынша, қыз-
меткерлер өздерінің тек жеке мақсаттарын көздейді (толған-
дырады). Сондықтан ұйымның табысты қызмет атқару жолы –
ол табанды, агрессивті адамдарды жалдау, лайықты марапаттау
жəне оларға өзінің бойындағы қасиеттерді іс жүзінде көрсете
алуға мүмкіншілік туғызу керек. Қызметкерлер жауапкершілікті
өздеріне артады жəне толық беріліп еңбектенеді. Лауазым мен
атаққа ерекше мəн бермейді.
Партиципативтік ұйымдастырушылық мəдениеті бойынша,
қызметкерлердің көбі өздерінің жеке мүдделерінен гөрі сыртта
жатқан мақсаттарға жетуге күш жұмсауға дайын. Олар жеке
мақсаттарын команда, ұйым мақсаттарымен дұрыс ұйымдас-
тырып, үйлестіре алады. Сол себепті қызметкерлер арасында
тиімді коммуникация (байланыс) құрылады. Бұл басшылықтың
жаңа типіне мəселелерді талдауда команда мүшелерінен
белсенділікті жəне қабылданған шешімді іс жүзіне асыруға аса
шеберлік пен жаңа еңбек тəсілдерін талап етіледі.
Сонымен басқару мəселелерін зерттеуде, аталған көзқарас-
тарда, кейбір көзге түсетіндей ерекшеліктеріне қарамай, айыр-
машылықтан гөрі, ортақ заттар көбірек. Барлық көзқарастардың
келелі, назар аударылатыны – ұйымның тиімді қызметіне жетуде
адам факторының маңызды рөлі. Осыдан адам ресурстарын
басқару өзектілігі туады.
Достарыңызбен бөлісу: