Сейсембай Жұмамбаев
31
Ұйым стратегиясы оның саясаты, тиісті ережелер мен проце-
дуралары арқылы нақты білінеді. Адам ресурстарын басқару
саясатының негізгі ұстанымдары келесіден тұрады [7, 28-б.]:
- адамды құрметтеу;
- жұмыспен қамтамасыз ету кепілі;
- адамның дамуына жəне қызметі өсуіне жағдай жасау;
- қызметкерлерге əділетті қарау жəне ынталандыру жүйесі
болу;
- қызметкерлердің қажеттілігін жəне олардың күтулерін
мойындау;
- жақсы жұмыс ортасы;
- жұмыс жағдайына қатысты заңдар мен нормативтерді
бұзбау;
- ұйым демократиялық негізде қызмет жасауы.
Демек, мұндай көзқарас стратегияға жауапты басқарушы
кадрлардан өздерінің қызмет сапасын өзгертуді талап етеді.
Олар қаржылық мақсатқа бағытталған кəсіпорынды басқару
ресурсқа бейімделген АРБ стратегиясына жəне саясатына қарсы
келмейді, керісінше ол онымен толықтырылады.
АРБ стратегиясын құру үдерісін келесі кезеңдерге бөлуге
болады:
1. Жағдайды талдау.
2. Мақсаттарды белгілеу.
3. Даму қажеттілігін талдау.
4. Іс-шараларды жоспарлау.
5. Белгіленген шараларды іс жүзіне асыру.
6. Қойылған мақсаттарды қайта қарау.
Достарыңызбен бөлісу: