2005 2006 2007 2008 2009 2010* Халықтың ақшалай табысындағы
еңбек табысының үлес салмағы,
пайызбен 77
80
82
82
80 81
* алдын ала деректер
Жұмыс беруші үшін жалақы өндіріс шығыны болып келеді,
ал қызметкер үшін белгілі тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін
табыс. Біріншісі өндіріс шығынын мейлінше төмендетуге тыры-
сады, екіншісі тұрмыс деңгейін жоғарылату үшін өз табысын
көбейтуге ұмтылады.
Нарықтық экономикада жұмыс күшінің бағасы еңбек нары-
ғында оған деген сұраныс пен ұсынысқа тəуелді қалыптасады.
Бүгінде жалақыны мемлекеттік реттеу салықты реттеумен, бас
келісімге қатысумен, аймақтық коэффициентін орнатумен
шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі элементі – нарықтық экономи-
каның тəуелдіктерінен қорғауды қамтамасыз ететін минималды
əлеуметтік кепілдемелер жүйесі, оның ішінде ең төменгі
жалақыны орнату. Шетел тəжірибесінде оны орнатуда орташа
жалақының 40% тең шамасына бейімделінеді, Қазақстанда ол
орташа жалақы деңгейінің көп дегенде 23,8%-дан аспаған (6.28-
кестеге қараңыз).