37
Әлемнiң барлық бөлшегiндегi Алла тағаланың тұтас
«бiр» болуы – бүкiл әлемнiң тұтастығының кепiлi. Ол
тұтас болса – әлем де тұтас. Алла тағаланың жасаған түрлi
әлем бөлшектерiнiң бiр-бiрiне тартылу және итеру қаси-
еттерi бүкiл материалдық әлемнiң түрлi заңдылықтарын
тудырады. Сөйтiп әлем бөлiктерi бiрiгiп, өзара байланы-
сып, түрлi қарым-қатынаста болады. Осының арқасында
бүкiл материалдық әлем адамның санасы түгел қамти
алмайтын түрлi құпия заңдылықтарымен, кереметтей
күрделi құрылысы тұтасып, бiр Иенiң басқаруымен мүл-
тiксiз өмiр сүрiп жатыр. Абайдың «Алла тағала ғалам-
ның iшiнде» деген сөзiнiң маңызы осындай.
Достарыңызбен бөлісу: