о, ө, ұ, ү, у (дауыссыз) дыбыстарынан кейін келесі буындарда е, ы,
і, әріптері жазылса, олар ө, ұ, ү, болатыны және оның буын
жағынан шектелмейтіні катты кадағаланады, мысалы, өлөңдөрүмүз,
ұйұмшұлдұғұмұз, үйлөрүмүзгө» /25,146/.
Шынында да, жоғарыда әр ғалым қазақ тілінде ерін үндестігінің
сөз бойында көріну деңгейін әр қилы көрсетіп, түсіндіргенмен де,
казақ тілінде бұл құбылыстың сөздің өне бойынан көрініс
тапқандығында еш күмән жоқ десек те болады. В. Радлов,
П. Мелиоранский өмір сүрген дәуірде «түркітану атасының»
сөздігіндегіұсынылған мысалдарға сүйенсек, ерін үндестігінің қазақ
тілінде сөздің бесінші буынында да еркін байқалғанын төменде
64
берілген кестеден көруге болады. Мысалы,
екі буынды сөз
үш буынды сөз
төрт буынды сөз
тöркÿн
тöркÿндö
тöркÿндöтö
дöнöн
тöмöнгу
ψÿрöксÿздÿк
дÿрö
тÿjÿншöк (III
т,1к,1256 б)
бÿlдÿргöнгö
бÿкÿр
бÿкÿрöі
бÿгölÿктö
бÿктöl
бÿктöсÿн
шÿіÿншÿlö
Міне, осындай соңғы ғылыми зерттеулердегі пікірлерге
сүйенсек ұмыт бола бастаған қазақ тілінің төл сөз сұлулығын,
әсемдігін танытатын зандылық тіл мәселелері ішінде өзіндік
сипатын танытып, проблемалық мәселеге айналып отыр. Алайда,
біздің пікірімізше, ерін үндестік заңын қазақ тілінің төл заңы
ретінде, түркі тілінің ата заңы ретінде қарастыру әсте дұрыс емес,
өйткені бұл заң көне түркі тілінде өте әлсіз байқалғаны белгілі,
яғни тілде кейінгі, көне түркі заманынан кейін орныққан заңдылық
болса керек. Бұған дәлел ретінде Ғ. Айдаров, А. Құрышжанов,
М. Томанов, тәрізді тіл тарихының мамандарының: «Көне түркі
тілінде де үндестік заңы, әсіресе ерін үндестігі қазіргі қазақ
тіліндегідей біркелкі емес, Мысалы, а) Сөздің басқы буынында
еріндік дыбыстар болса, соңғы буында езулік дыбыстар кездеседі;
бұқалы - бұқалы, улуғы - ұлығы, үлүсі-үлесі. б) Кейде алғашқы
буында еріндік дыбыстар келсе, кейінгі буындарда да еріндік
дыбыстар кездеседі; көрүч - көруші, өтүндүм - өтіндім, күнтүз -
күндіз...» /16,96/ – деген пікірлері айғақ.
Жалпы ғылыми деректерге сүйенсек, көне түркі тілінде сөздің
басынан аяғына дейін толық сақталған заң тіл үндестігі, ал ерін
үндестігі толық көрінбей, көпшілік жағдайларда ауытқулардың
болғандығын аңғару қиын емес. Мысалы, ерін үндестігі толық
көріне алатын сөздерге: үчүн (үшүн), оғұз (оғұз), өкүн (өкүн),
өкүнүп (өкүнүп) тәрізді т.б. көптеген көне түркі сөздерін жатқыза
алсақ, өлті (өлді), үчбің (үш мың), үгүзке (өзенге), йоққыш (оқыс,
соғыс) тәрізді сөздер ерін үндестігі толық сақталмағандығын
таныта алады. Қорыта айтқанда, кейінгі дәуірлерде ғана тілдің
тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан бұл заңдылық қазақ тілін
өзге тілден ерекше төбе етіп тұратын өзіндік айрықша белгі.
65
Сондықтан оны сөйлеу тілде сақтай отырып сөйлеуді мейлінше
дамытудың жолдарын, жөн-жобасын қарастыру да қажет.
Алайда В.В. Радловтың пікірінше сол дәуірдің өзінде-ақ кейбір
диалектілерде ерін үндестігі заңдылығының көп буынды сөзде
әлсіреп, дауысты дыбыстың лабиалдық тартым күшінің төртінші
буынмен шектелетін тұстары да байқала бастаған (ол туралы
Волга диалектісіне қатысты материалдарда мысалдар келтіру
арқылы көрсеткен болатынбыз. Қараңыз – 64 бет).
«Палаталь-индифферентті
дауысты
дыбыс
лабиал-
индифферентті дауысты дыбыстан кейін тұрады, өйткені
диалектілерде қалыптасқан созылыңқы ī дыбысы созылыңқы ü
дыбысынан кейін қолданылады. Бұдан басқа түбір буындағы
атракциялық күш ī дыбысының айтылуын жоққа шығаруы мүмкін.
Мысалы, оrоs- tī -Іаr; оt - tī- γа.
Достарыңызбен бөлісу: |