100
Кірме сөздердегі дауысты дыбыстардың үндесуі.
Байырғы қазақ тілі
кірме сөздерді қабылдауда оларды өз төл
тіліндегі дыбысталу қалпында өте сирек жағдайда сақтаған.
Көбінесе қазақ тіліне бейімдеп, түрленген тұлғасын ғана қабылдап
атырған. Ол негізінен екі басқа тілдердің дыбыстық жүйесі,
грамматикасы мен сөзжасамдық құрылым ерекшеліктерінен
туындаған жай болып табылады. Міне осы ерекшеліктер негізінде
басқа тілден енген сөздер қазақ тілі фонетикалық нормаларына,
грамматикалық ережелеріне, сөзжасамдық модельдеріне сай
түрлену үрдістерінен өтуге мәжбүр болады. Мысалы,
завод сөзінің
қазақ, тілінде
зауыт түрінде дыбысталу тұлғасына ие болуы келесі
заңдылықтарға негізделген:
1) қазақ тілінде алғашқы буында ашық
а, ә дыбыстары келсе,
келесі буында
о дауысты дыбысы жазылмайды да, айтылмайды да.
2)
в кірме дыбыс болуы себепті көптеген жағдайда түсіп қалады
немесе төл
у дауыссыз дыбысымен алмасады. Сол сияқты басқа да
көптеген кірме сөздердің түрленуін тілдік ішкі заңдылықтарға
сүйене отырып түсіндіруге әбден болады.
Кірме сөздердің түрлену жүйесіне байланысты В.В. Радлов та өз
түсінігін төмендегідей талдаулар жасай отырып талдайды:
«Семид тілдерінде сөз ішінде үш дауыссыз дыбыстың қатар
қолданылуы семит тілдерінің өзіндік грамматикалық біліктілікті
арттыру әдістемелігі болуы тәрізді, дауыстылардың үндесуі түркі
тілдеріндегі әрбір сөзге сөзсіз қажет болып табылады. Бұл анық
көзге түсетін ерекшелік осы тілдердің өмір сүруімен тығыз
байланысты болып өздігінен тілдік материалға әсер ететін болды
және дайын сөз қалыбына ие болды. Араб тілі әрбір басқа тілге
өзінің дауыссыздар жүйесін және дауыстылар жүйесін жүктейтіні
тәрізді, түркі тілдері де әрбір «
жаулап алушыны» дыбыстардың
кезектесіп келу заңдылығына бағындырып, оларға дауыстылар
үндесуінің ұсынатын буын тәртібінің қалыбын беруге талпынады.
Көрші халықтармен қарым-қатынас жасау нәтижесінде түркі
тілдеріне шетел сөздерінің әр қилы материалдары енгізілген және
де ерекше ислам дінінің барлық батыс және оңтүстік түркі
тайпаларына тарауы арқасында енген. Жасанды қалыптасқан жазба
тілмен қатар түркі тіліне көптеп араб және парсы сөздері еніп
кеткендіктен түркі тілі кірме сөздермен молынан толтырылып
қалғандай болып сезіледі. Бұл кірме сөздер (кіргіштер) халық
102
атittап=атуttап (рухтану), sаlqіп = sаlqуп (қыс), arγamči=arγamčу
(арғымақ).
г) Егер моңғол тілінің
і дыбысы лабиал дыбыстан кейін келсе,
онда ол өзгеріп қысаң лабиал дыбысқа айналады. Сонымен
о және
Достарыңызбен бөлісу: