Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


о: уот (от) = ot, ut; туол (тол) = toł, tuł; буол (бол) = boł, buł;  ū



Pdf көрінісі
бет65/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

оуот (от) = ot, ut; туол (тол) = toł, tuł; буол (бол) = boł, buł; 
ū:  уор  (ауру)  =  oɣpy,  ūrčy;  уол  (ұл)  =  oɣł,  ūł;  туора  (тура)  = 
toɣry, tūra.  
Якут  тіліндегі  üö  дифтонгі  біріншіден,  түркі  тіліндегі  ö,  Волга 
диалектісіндегі  түбір  буындағы  ü–ден  көрі  созылыңқы.  Мысалы, 
küöl  (көл)  =  köl,  kül;  тÿörт  (төрт)  =  tört,  dürt;  mÿöc  (төс)  =  töš, 
tüš,  екіншіден,  ол  түркі  тілінің  созылыңқы  ö  және  ǖ  орнына 
жұмсалады.  Мысалы,  ÿöр  (үйір)  =  ǖr;  kÿök  (көкек)  =  kök;  ÿöрäx 
(үйрен) = ügrän, üirän, ǖrän» /11.17-19/. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  «алғашқы  сыңары  буын  жасай  алмайтын 
элементтен, соңғы сыңары буын құрай алатын элементтен құралған 
дифтонг ашық дифтонг деп аталып, оған қазақ тілінде, басқа түркі 
тіліндегідей е, о, ө  фонемалары сөздің бас (анлаут) позициясында 
дифтонг  болып  айтылып  е-йэ,  о-ұо,  ө-үө  түрінде  естілуі  әрдайым 
ашық  дифтонг  құрайды»  /5,236/  деген  де  пікір  бар.  Бұл  жайында 
К. Аханов,  І.  Кеңесбаев,  Ж.  Аралбаев  тағы  басқа  ғалымдар  өз 
еңбектерінде  айтып  кеткен.  И  мен  у  дыбыстарының  дифтонгтік 
қасиетіне  қатысты  айтылған  пікірлердің  ішінде  бір-біріне  қайшы 
келетін  тұстары  өте  көп.  Ж  Аралбаев  «Қазіргі  қазақ  тілінде  и,  у


95
 
(би,  ки,  су,  ту)  дауыстылары  дифтонг  фонемалар.  Бұған  дәлеліміз: 
біріншіден,  артикуляция  жағынан,  и,  у  дауыстысының  өзге 
дауыстылардан  көрі  ерекшелік  жағы  бар.  Ол  ерекшелігі  и,  у-дың 
күрделі  артикуляциялы  болуында:  и  мен  у-дың  бүтін 
артикуляциясында  белгілі  бір  тембр  сақталмай,  бір  дыбыстан  іле-
шала екінші дыбысқа ауысып тұрғанынан байқаймыз. Бір дыбыстан 
басталып  екінші  бір  дыбыс  элементіне  бітеді.  Сонда  и-дің  бірінші 
компоненті фонетика жағдайына қарай ы мен і, екінші компоненті 
сонор й, ал у-дың негізгі компоненті фонетика жағдайына қарай  ұ 
мен  ү,  ал  екінші  көмескі  компоненті  сонор  у  (тау)  өте  келте 
айтылады»  /5,36/  дегенді  алға  тартады.  Пікірде  и  мен  у 
дауыссызының 
дауысты 
позициясында 
тұрып 
алдынан 
фонетикалық 
жағдайларға  байланысты  қосымша  дауысты 
дыбыстың айтылуын қалайтындығы шындық. Алайда аталған екі и 
және  у  дыбысын  дауыссыз  сонор  дыбыс  ретінде  көрсете  отырып, 
дифтонг  деп  тану  жансақтық  болатын  тәрізді.  Себебі,  біріншіден,  
дифтонг  дегеніміздің  «екі  дауыстының  қатар  айтылу»  қасиетіне 
байланысты екенін ескерсек, онда қазақ сөзінің ішінде екі дауысты 
дыбыс  қатар  келмейді  деген  пікірді  қайтпекпіз?»  Бірақ  біздің 
пікірімізше,  дифтонгқа  қатысты  бұл  мәселе  әлі  де  тыңғылықты 
зерттеуді  қажет  ететін  тәрізді.  Екіншіден,  тау  деген  сөздегі  ту 
(тұу) деген сөздегі ұу элементін дифтонг деп қабылдайтын болсақ, 
онда  соңынан  оған  жалғанатын  –ы  тәуелдеу  категориясының 
жалғауын  қоса  ұуы  элементін  трифтонг  деп  қабылдауға  тура 
келеді.  Тілдегі  жалпы  дифтонг  мәселесі  туралы  өз  пікірін 
Ә. Жүнісбеков  былай  деп  білдіреді:  «Имееютя  ряд  дифтонгов, 
четыре  из  которых  [аj],  [éj],  [uw],  [үw]  являются  спорными,  т.е. 
рядом  исследователей  они  определяются  как  монофтонги 
(следовательно,  как  монофонемы).  Как  показал  фонематический 
анализ,  они  являются  сочетанием  двух  самостоятельных  фонем 
гласного с согласным. Исследование длительности, интенсивности 
и  спектрального  состава  названных  сочетаний  показали,  что  в 
качественном  и  количественном  отношений  гласные,  являющиеся 
первыми  компонентами  названных  дифтонгов,  тождественны 
гласным монофтонгам» /27,27-28/.,  
В.В.  Радлов  жоғарыда  келтірген  мысалдар  ішінен  қазақ  тіліне 
қатысты  сөздердің  құрамындағы  уа,  ау  тағы  басқа  дифтонг  деп 
ұсынып отырғанына біз келісе алмаймыз, оның себебі қазақ тілінде 
у  дыбысы  дауыссыз  дыбыс  және  дауыстының  позициясында 


96
 
тұрғанда алдынан үнемі дауысты дыбыс қосып айтылатындығында. 
Мысалы,  қу  (құу),  туынды  (тұуұнды),  суық  (сұуұқ)  т.б.  тіпті  сөз 
басында дауыссыз дыбыс ретінде қолданылғанда да алдынан үнемі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет