4. - Япырм-ай! Шын ба ? /46,211 б/.
5.- Япырым - ай! /46,207 б/.
Кейбір бұл нұсқалар қазақ тілінде тіпті мағына жағынан да
ажыратыла бастаған. Мысалы, уақиға және оқиға сөздері.
Бұл, әрине, сөзді ұғынып, түсінуде де өз қиындығын келтірері
айғақ. Сол себепті де, біздің ойымызша, қазақ тілінде сөздердің
варианттылығы
мәселесін
тыңғылықты
зерттеген
ғалым
С. Бизақовтың сөздер вариантылығының болуының бір себебін
қысаң дауыстылардың редукциялануымен ұштастыра отырып
117
«тілдің жарасымды ырғағына қиянат жасамас үшін фонетикалық
принципті ұстанып, табиғи дұрыс дыбысталу қалпын сақтап,
естілуінше жазсақ, ондай вариант түзелмес еді» /47,5/
Тілге енген сөздер көптеп саналғанмен XIX көптеген
ғалымдарының пікіріне сүйенсек түркі тілдерінің ішінде қазақ тілі
көпшілік жағдайда басқаларына қарағанда түркілік негізді сақтап
қалған тілдерге жатады. Ол жайында В.В. Радлов өзінің
«Үлгілерінде» қазақ халқы арасында мұсылман дінінің бұрыннан
таралғандығын айта келе былай дейді: «Ислам дініне сырттай
илану салдарынан қырғыз тілі исламның іріткіш ықпалынан
сақталып, өзінің бастапқы таза түріктік сипатында қалды. Тіпті
оған кірген бөтен элементтер Мұхамбет дініне енген басқа түркі
елдеріндегідей өз дербестігін сақтай алмай, қырғыз тілінің дыбыс
заңдылығына бағынып, сол халықтың өз сөзіне айналып
кеткен» /48,9/.
Қазақ тілі фонетикасын зерттеуде В.В. Радловтың сол дәуірдегі
қазақ тіліне енген сөздердің фонетикалық игерілу ерекшеліктерін
талдап түсіндірудің маңызы зор. Жоғарыда келтірілген мысалдар
арқылы XIX ғасырда тек қазақ тілі емес, жалпы түркі тілдерінің
ішкі дыбыстық заңдылықтарының, вокализмдік және консонанттық
құрылым жүйесінің қаншалықты мәнділігі мен үндестік заңының
кірме сөздерге деген ықпалының күштілігін аңғарып қорытынды
жасауға болады. Соның аясында қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен
немесе орыс тілі арқылы енген сөздерді сыртқы фонетикалық
тұлғасын өзгертпей дәстүрлі принципке сүйеніп, қабылдау әбден
қанға сіңген әдетке айналуы да сұлу да, «асау толқындай тулаған»
әуезді қазақтың байырғы тілінен алшақтап, бүгінгі бет айнасы
қалыбына енгені өкінішті-ақ.
В.В. Радлов ұсынған кірме сөздерге қатысты материалдарды
қазіргі қазақ тілі материалдарымен салыстырған жағдайда соңғы
ғасырда орыс тілінің қазақ тіліне деген ықпалының басым
түскендігін аңғару қиынға түспейді. Әдеби тілге енген орыс тілі
сөздерін айтпаған күннің өзінде-ақ, күнделікті варваризм
деңгейінде қолданылатын сөздер де жастардың аузында ешбір
өзгеріссіз, орыс тілінде айту машығын сақтап қолданылуда
Мысалы, В.В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий»
еңбегіне сүйенсек, сол дәуірдегі қазақтың қолданған орыс сөздері:
лавка, штоф, изба, спасибо, штаны, огород, столб, сол сияқты
қазір орта жастан асқан адамдар тілінде кездесетін фуфайка, тяпка,
118
ведро, ботинки, пряник т.б. сөздердің ылаука (ләпке), ыстоп, ізбе,
ыспасыйба, ыштан, әгөрөт, ыстолба, күпәйке, тәпкі, бедре, прәнік
түрінде айтылуы да, келмеске кетіп бара жатқаны белгілі.
Ал кезінде бұл сөздердің дыбыстық жағынан түрленіп, тек қазақ
тілінде ғана емес, жалпы түркі тілдерінде де байқалғанына
төмендегідей сөздер факті бола алады:
Бараба диалектісінде: ођарат = орыстың «огород» сөзі.
Қазақ, Қара-қырғыз тілдерінде: орус, Қазан диалектісінде: урыс,
Осман түріктері тілінде: урус = орыстың « русский» сөзі.
Қазақ-қырғыз
тілінде:
Достарыңызбен бөлісу: |