Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


ö], екіншісінде тіл дауыстылары [а (е) - ое - і



Pdf көрінісі
бет72/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

ö], екіншісінде тіл дауыстылары [а (е) - ое - і] өзгереді. Бұларды бір 
жағынан  жіңішке  дауыстылар  атракциясы  ретінде  қарастыруға 
болады  (о-ның  ö-ге  өтуі  œ  арқылы  жүзеге  асады).  Басқа  жағынан 
алып  қарағанда  тарылу  позициясына  байланысты  деп  те  алуға 
болады  (о-ның  u-ға  өтуі,  і  немесе  е-нің  і-ге  өтуі  і  арқылы  жүзеге 
асырылады). 
Бұл  қысқаша  шолу  бізге  үнді-европа  тілдерінде  дауыстылар 
үндесуі  түркі  тілдеріндегі  дауыстылар  үндесуінен  басқашарақ 
екенін дәлелдей түседі. 


110
 
Қосымшаның  дауысты  дыбысы  түбірдегі  дауысты  дыбыспен 
ұштасуы морфологиялық тілдің құрамы ретінде қабылданса, Рязань 
диалектісінде  сөз  негізіндегі  дауыстылар  екпінді  буындағы 
дауыстыға  бейімделіп  флекцияланады.  Бұны  таза  фонетикалық 
құбылыс  ретінде  қарастыруға  болады,  өйткені  бұл  жерде  қажет 
емес, толық кажетсіз табиғи даму етек жайған»/[11,49/. 
В.В.  Радлов  дәуірінде  кірме  сөздердің  түркі  тілдеріне  еніп, 
фонетикалық  жағынан  түрлі  өзгерістерге  ұшырап,  тілге  бейімделу 
жай-күйі 
негізінен 
ғалым 
пайымдауындай 
болса, 
Қазан 
төңкерісінен кейінгі де түркі тілдеріне енген сөздер ең алдымен екі 
мәселеге қатысты болды: 
1) орыс тілі әсерінен сөздердің көптеп енуі. 
2)  ұлттық  орфографияның  әсерінен  кірме  дыбыстардың  түркі 
тілінде  тұрақтауы,  яғни  тілде  жаңа  фонемалардың  қалыптасу 
мәселесі. 
Әдетте  қостілділік  құлаш  жайған  тілде  кірме  сөздердің  енуі 
тілдің  фонемалық  құрамын  өзгертуге  әкеліп  соғады.  Ол  тек  кірме 
дыбыстардың  тілге  енуімен  ғана  байланысты  емес,  төл 
дыбыстардың да жаңа айтылу сапасына да әсерін тигізетіні туралы 
біз  дауысты  дыбыстардың  сипаттамасын  бергенде  а  дыбысына 
қатысты Н.А. Баскаков
14
 пікірін келтірген болатынбыз. Бұдан басқа 
түркі  тілдерінде,  оның  ішінде  қазақ  тілінде  де  осы  себепті  де 
дауыссыз  дыбыстар  қатары  орыс  тілінің  ықпалынан  ч,  ц,  ф,  х,  в 
дыбыстары  арқылы  толықтырылды.  Яғни  орыс  тілі  арқылы  тек 
сөздер ғана емес, сөздермен бірге олардың құрамындағы дыбыстар 
да  еніп,  түркі  тілдерінде  тұрақты  қалыпқа  ие  болды.  Бұған,  біздің 
ойымызша, келесі мәселелер себеп болды: 
1. Орыстандыру саясатына сай жаппай орысша оқыту. Бұл білім 
беру үрдісі нәтижесінде қазақтың төл артикуляциялық базасы орыс 
тілінен енген дыбыстарды айтуға бейімделу сатысынан өтіп, бұрын 
араб-парсы тілдері арқылы ену әрекетін жасаған ф, х, дыбыстарына 
тойтарыс  беру  мүмкіндігінен  айрылып  қалды.  Егер  ертеректе 
Шығыс тілдерінен енген құрамында ф, х, дауыссыз дыбыстары бар 
сөздер қазақтың төл  қ, п, б дыбыстарымен алмастырылып айтылса, 
кейінгі  кезде  ол  дәрменінен  айрылып,  артқа  оралу  процесінен 
өткен.  Мысалы.  Фарида  -  Пәрійдә  -  Пәридә  -  Парида  -  Фарида, 
Фатима - Бәтіймә - Бәтима - Батима - Фатимахалық - қалық 
халық.  т.б.  Бұл келтірілген  мысалдардан  қазақ  тілінің  орыс  тілі 
әсеріне бейімделу сатыларын анық аңғаруға болады. 


111
 
2. Қазақтың  жазба  әдеби  тілінің  кирилица  графикасына  көшуі. 
Жалпы  жазба  әдебиеттің  де,  әсіресе,  ол  орыс  жазуына  негізделген 
болса  тілдің  сөздік  құрамы  мен  қорына  ғана  емес,  дыбыстық 
жүйесіне  де  әсер  ететіні  белгілі.  Морфологиялық  принципке 
сүйенген  қазақ  тілі  (1940  жылдан  бері)  сөз  түбіріндегі  қажетті 
фонетикалық түрленуді жасау мүмкіндігінен ғана айрылып қоймай, 
латын  графикасы  негізіндегі  тілде  қалыптасқан  кірме  сөздердің 
бейімделген тұлғаларын да қайтадан орыс тілінің мәнеріне түзетуге 
мәжбүр  болды.  Оған  көз  жеткізу  үшін  төмендегі  кестеге  үңіліп 
көрейік: 
 
Латын графикасы 
негізіндегі қазақ тілі 
Кирилица графикасы 
негізіндегі қазақ тілі 
Арtьr 
автор 
Аrqьір 
архив 
Ьсtаt 
штат 
Вьlок 
блок 
вөlсеbik 
большевик 
Сеnеvnік 
чиновник 
Dеrеbne  
деревня 
Instijtuvt 
институт 
Іsреrа 
сфера 
 
Тіпті бұл кезеңде, ертеректе В.В. Радлов дәуірінде қазақ тіліне 
ыштап,  үстөл,  деребне,  жандарал,  майыр  түрінде  сіңген 
сөздердің  өзі  жаңа  орфографиялық  ережелерге  сай  шкаф,  стол, 
деревня, генерал, майор  түрінде  қалай жазылса, солай айтылатын 
бастапқы  «бөтен»  күйіне  оралды.  Ал  қазіргі  орыс  тілі  арқылы 
енген  сөздер  тіпті  де  тікелей  ешбір  өзгеріссіз  тілге  қабылдануы 
әбден тұрақты процеске, В.В. Радловтың тілімен айтқанда «солай 
болуы керек сияқты» заңдылыққа айналған. 
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  тіліне  енген  сөздердің  басты 
ерекшелігі  олардың  негізінен  ауызекі  сөйлеу  тілі  арқылы  енуі 
болды.  Ол,  әрине,  сөздің  айтылуында  өзіндік  із  қалдырмай 
қоймады.  Көптеген  кірме  сөздер  тілдің  ішкі  фонетикалық 
заңдылығына  сай  әртүрлі  өзгерістерді  басынан  кешірді. 
Бұл жайында  орыс  ғалымы  Л.А.  Булаховский  былай  дейді: 
«Для многих  устных  заимствований  прошедших  зачастую 
длинный путь от языка к языку и входившие в них в разное время, 


112
 
показательна  неустойчивость  их  внешнего  звукового  обличия» 
/38,118/.  Мысалы,  суд  сөзі  қазақ,  қырғыз  тілінде  сот,  стол  сөзі 
үстөл,  кровать  сөзі  кереует,  керебет,  конфета  сөзі  кәмпит, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет