120
жайында «А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, Н. Төреқұлұлы,
Қошке Кемеңгерұлы сияқты ардақты ағаларымыз сонау 20-сыншы
(ХХ ғасырдың – автор) жылдардың өзінде-ақ білген де, көрген де
екен» /56,112/. Бұл құбылыстың қазақ халқы үшін жат екендігін
айтқан кейінгі ғалымдар да тілдің аса құдіретті заңының іштей
құлдырауына соғуы мүмкін деген қауіпті білдіреді. Осы орайда
«Ахмет Байтұрсынұлы алғашқылардың бірі болып: «Жат тілден
енген сөздерді тіліміздің ішкі заңдылығына бағындырмай алудың
түбі күндердің күнінде қазақ тілінің қураған бұтақтай сынып
түсуіне әкеліп соғады» /57,38/ - деп, тілдің болашағы байланысты
өзінің алаңдаушылығын білдірген еді. Осы орайда біз тіл маманы
Б. Қалиевтың «Шет тілдерінен енген сөздерді қазақ қалай айтса,
қалай дыбыстаса оларды солай жазған мақұл. Яғни шет тілі
сөздерін қазақ дыбыстарының тіркесім заңдылығына, үндесім
заңдылығына бағындырып, өзіміздің төл дыбыстарымызбен жазған
жөн» /56,62/ - деген пікірін қолдаймыз. Қазақ орфографиясы
морфологиялық принципке негізделген деген пікір қатып қалған
қағида болмауы тиіс. Егер кірме сөздерді жазуда біздер дәстүрлі
принципті пайдаланып жүрсек, оған қосымша ХІХ ғасырда, 1929-
1940 жылдар аралығында қолданылған фонетикалық принципті де
тым болмағанда кірме сөздерге қатысты қолдану мәселесін еше
аламыз деп ойлаймын. Бұндай әрекет ету тіл тазалығын, бөтен
сөзбен ластанбауынан сақтайтынына сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: