Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Дүниежүзілік мұхит проблемалары



Pdf көрінісі
бет27/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

Дүниежүзілік мұхит проблемалары 
Жер  бетінің  2/3  бөлігін  алып  жатқан  дүниежүзілік    мұхит  – 
адамзат  үшін  өмірлік    маңызы    бар    ресурс    көзі.    Мұхит  суы 
планетадағы су қорының 97,5%-ын  құрайды. Жалпы көлемі 1 млрд 370 
млн  км  шаршы  шақырым.  Сондай-ақ    дүниежүзілік    мұхит    планета  
халқының  тағам    ретінде    пайдаланатын    барлық    жануарлар  
белоктарының  1/6  бөлігімен  қамтамасыз  етеді.  Ғалымдардың    есебі  
бойынша  мұхиттың  биологиялық    ресурстары    ең    кемінде    20  млрд  
адамды  асырауға  жетеді.  Адам  пайдаланатын  теңіз  биомассасының  
85%-ын  балықтар  құрайды.  Жыл  сайын  85-90  млн    тонна    балықтар, 
былқылдақденеліліер,  балдырларды  аулау  арқылы  адамзат  шамамен 
өзінің  қажеттілігінің  20%-ын  қамтамасыз  етеді.  Дүниежүзілік 
мұхиттың, құрлықтар  секілді  ресурқа бай және ресурсы аз аймақтары 
болады.  Ауланған    балықтың    90%-ы    қайраңдардан    алынады.  Күн 
сәулесі    жақсы    түсетін    экваторлық    аймақтарда    тіршіліктің  негізгі 
аймақтары    шоғырланған.    Мұхиттың    2/3  бөлігін    органикалық  
тіршілігі  кедей  аудандар    алып    жатыр.  Мұхит    суларында 
Д.И.Менделеевтің    периодтық  жүйесіндегі  химиялық  элементтер 
түгелдей  кедеседі.  Бұл  ресурстар  мұхит  табанында,  жағалауында 
кездеседі.    Мұхит  жағалауынан  алтын,  цирконий,  қалайы,  платина, 
күміс,  мырыш,  гауhар,  фосфорит,  титан  өндіреді.    Жағалауында  
шахталық  әдіспен  таскөмір,  темір,  мыс,  никель,  сынап  кендері 


 
38
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
өндіріледі. Мұнай,газ кен орындарының 350-ге жуығы орналасқан.  Ең  
ірі    кен    орындары    Парсы  шығанағы,  Кариб  теңізі  (Венесуэла 
шығанағы)  және  Мексика    шығанағында    орналасқан.  Мұхит  
байлықтарымен    бірге    энергиялық    ресурстарын:  толқындар    қуаты, 
судың  түрлі    қабаттарындағы    температура    айырмашылығы,  тұщы 
және  ащы  сулар  араласатын  аудандарындағы  қысым  және  теңіздердің  
қайту    энергияларын    пайдаланады.  1967    жылы  Францияда  Ла-Манш 
бұғазына  құятын  Ранс  өзенінің  сағасына  қуаты  240  мың  кВт  СЭС  
салынады.  Әлемдік  мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен 
роль  атқаратын  болғандықтан,  оны  қорғау  халықаралық  экологиялық 
өзекті  мәселелердің  бірі.  Әлемдік    мұхиттың    зиянды  және  улы 
заттармен, мұнаймен  және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен 
ластануы  үлкен    алаңдатушылық  тудырып  отыр.  Ластанудың 
масштабын мына  мәліметтерден  көруге  болады: жағалаудағы  суларға  
жыл сайын 320 млн т темір, 6,5 млн т фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын 
бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 
млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе 
Парсы    және    Аден  шығанақтарының  сулары,  Балтық  теңізі  мен 
Солтүстік  теңіздің    сулары  да  қатты  ластанған.  Мұхитты  жоғары 
дәрежеде    ластаушылардың  бірі  мұнай  және  мұнай  өнімдері.  Әлемдік 
мұхитқа  жыл  сайын  орта  есеппен  13-14  млн  тонна  мұнай  өнімдері 
төгілуде.  Мұнаймен  ластанудың  екі  түрлі  қаупі  бар:  біріншіден,  су 
бетінде  теңіз    фаунасы  мен  флорасына  қажетті  оттегіні  жібермейтін 
пленка  түзіледі;  екіншіден,  мұнайдың  өзі  жартылай  ыдырауы  ұзақ 
уақытқа  созылатын  улы  зат  болып  есептеледі.  Судың  құрамында 
мұнайдың  мөлшері  10-  15  мг/кг  жағдайда  планктон    мен    майда  
шабақтардың  жойылу  қауіпі  туындайды.  Үлкен  танкерлердің    апатқа  
ұшырауы  кезінде  мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық 
апат деп айтуға болады. Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму 
кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында  
радиоактивті  қоқыстардан  арылудың  жолы  мұхиттар  мен  теңіздерде  
көму    болды.  Әдетте    бұлар  200  литрлік  бөшкелерге  салынып,  үстіне 
бетон  құйып  теңізге тастайтын  белсенділігі төмен қалдықтар болды. 
Алғашқы  радиоактивті  қалдықтар  АҚШ-тың    Калифорния  қаласынан 
80  км  қашықтықта  көмді.  1983  жылға  дейін    қалдықтарды    ашық  
теңіздерге  көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына  1949- 1970  
жылдары    арасында    радиоактивті    қалдықтар    салынған  560  261 
контейнер  көмілген. Соңғы  уақытта дүниежүзілік  мұхитты  қорғауға  
арналған    бірнеше    нормативтік    құжаттар    қабылданды.  1972  жылы 
Лондонда  жоғары  және  орташа    деңгейдегі    радиациялар  
қалдықтарымен    теңіздерді   ластауды  тоқтату   бойынша   Конвенцияға  
қол    қойылды.  Орташа  және  төмен    деңгейдегі    радиоактивті  


 
 
39 
қалдықтарды  көму  тек  арнайы  рұқсатпен  жүргізілетін  болды.1970-ші  
жылдардың  басынан  бері    10  теңізді    бірге  игеретін  әлемнің  120 
мемлекетін  біріктіретін  БҰҰ-ның  «Аймақтық  теңіз»  экологиялық  
бағдарламасы  жұмыс  жасап  келеді.  Аймақтық:  «Солтүстік  -  Шығыс 
Атлантика  теңіз  ортасын  қорғау»    Конвенциясы  (Париж,  1992  ж.); 
«Қара теңізді ластанудан қорғау»  Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және 
бірқатар басқа да келісімдер жасалды. 
 
4-сурет   Дүниежүзілік  мұхит  суларының  мұнай  
қалдықтарымен  ластануы (2012ж) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет