40
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды
өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты
жобаларының іске асуы. Дамушы елдерде орман алқаптары
жайылымдар мен егістік жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында
кесіліп, бағалы ағаш сүрегі жоғары дамыған елдерге сатылады.
Дамушы елдерде кесілген ағаштар отын ретінде пайдаланады.
Ормандар ауа мен топырақ қабатының ластануынан да зардап
шегуде. Латын Америкасы мен Кариб теңізі бассейіні елдерінде
экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты
тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді.
Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық
дағдарыспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып
табылады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын
Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала
халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады.
Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш
орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.
БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы конференциясынан (1992 ж.) кейін
дамушы елдер орман ресурстарын сақтау
проблемасы бойынша
халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993 жылы
Бандунг қаласындағы (Индонезия) кездесуде әлемнің барлық
климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын
қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы
халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды. Қазақстан
аумағының 4% ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше, еліміз
орман қорғау бағыты бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып
қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ.
Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті қалыптасуда. Әсіресе,
еліміздің орман қорының 40%-ын құрайтын сексеуілді ағаштарды
кесу жоғарғы деңгейге жетуде. Ал сексеуіл экологиясы нашар, ылғалы
аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өседі.
1992 жылы орман көшеттерін отырғызу жұмысы 80,7 мың
гектар болса, он жылдан соң 2002 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың
гектарға дейін қысқарған.
Достарыңызбен бөлісу: