44
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
Үндістан жерінің 80%-ға жуыға қуаңшылыққа ұшырауда. Сонымен
қатар Африканың Сахель зонасында да шөлейттенудің түрлері
байқалуда. Бұл аймақта 1973 жылы ұзаққа созылған қуаңшылықтан
аштық пайда болды. Қуаңшылық салдарынан Нигер, Сенегал өзендері
құрғап, уақытша ағысын тоқтатты. 1980 жылы шөлейттену Африка
жерін түгел қамтыды. Осының әсерінен 1985 жылы 1млн-нан астам
адам қазаға ұшырап, 10 млн адам экологиялық босқындарға айналды.
Орта Азияның таулы аудандарында, Арал және Балқаш көлі
маңында, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның биік таулы
зонасында (Тянь-Шань, Памир) шөлейттену процесі қарқынды жүруде.
Амудария
мен
Сырдария
өзендерінің
суларын
ауыл
шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз
жерлерінде сортаң, тақыр жазықтықтардың пайда болуына әсер етті.
Шөлейттену процессі халықаралық қауымдастықтың назарын
аударуда. БҰҰ мен халықаралық ғылыми және қайырымдылық
ұйымдары шөлейттену апатының алдын алу шараларын жүргізіп,
жергілікті халыққа жан-жақты көмек көрсетуде.
Достарыңызбен бөлісу: