ІІІ. Студент «портфолиосының» компоненттері
1. Информатика сабағында мəдени-тарихи мағлұматтармен
оқушыларды таныстыру үшін интернет-ресурстарды пайдалану
мүмкіндіктерін ашып көрсететін мультимедиялық презентация
дайындаңыз.
2. Əлеуметтік информатиканың қазіргі ғылыми мəселелерін
оқып-үйренуге бағытталған тапсырма-сұрақтар жүйесін құрыңыз.
Осы мақсатпен əрекеттің технологиялық тізбектілігін құрыңыз:
1) информатика бойынша мектеп оқулығын талдау негізінде
ғылыми мəселелерді анықтаңыз; 2) бұл сөйлемдерді сұрақ түрінде
құрылымдаңыз; 3) 17.3-кестені толтырыңыз.
17.3-кесте
Ғылыми мəселе
Сұрақ түріндегі оқу мəселесі
ІV. Рефлексия
«Бес минуттық эссе»: осы тақырып бойынша нені оқып-
үйренгендігіңіз туралы жазыңыз жəне сіз жауап алмаған сұрақтарды
қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |