18.2 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы
жоғары сыныптарда информатиканы кəсіби саралап
оқыту мазмұны
Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу
жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдында тұрған мақсат
– оқушыларды өмір жолында туындайтын сұрақтарға жауаптар-
ды өз бетімен табуға үйрету, өздерінің іс-əрекеттерінің салдарын
бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір бары-
сында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамы-
ту дағдыларын алуды, осы білімін шығармашылық күйде қолдана
білуге бейімдейді. Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бо-
йында жинақылық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта
отырып, заман өзгерістеріне əзірлеуі тиіс.
Осы уақытқа дейін «саралап оқыту» орта мектептегі жоғары
буынның бағдарламасы немесе оқу жоспарының бөлігі ретінде,
нəтижесінде орта білім берудегі кəсіби бейімделген пəндер
457
(жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық жəне
технологиялық) бағыты деп түсіндірілді. Əр таңдалған пəн өзінің
ерекшелігімен дараланды, сондай-ақ жоғары білім алуда өзінің
септігін тигізуі керек.
Саралап оқыту – жоғары мектепке бағытталған жəне жалпы
білім берумен қатар мамандық алу жəне болашақ мақсаттарын
анықтауға дайындау əдістерінің бірі.
Бейімді саралап оқыту оқушының қабілетіне, іс-əрекетіне бай-
ланысты деп түсіндіріледі, алайда бейімді саралап оқытуда білім
деңгейі жоғары балаға аз машықтануға, ал деңгейі нашар оқушыға
көбірек машықтануын көздейді.
Кез келген оқу пəнін, əсіресе информатиканы бейімді саралап
оқытудың мақсаты:
– əр оқушының жеке қасиеттерін дамыту жəне оны оқу бары-
сында қолдана білу;
– əр оқушының танымдылық қызығушылығын дамыту жəне
оны оқу барысында қолдана білу;
– əр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып
білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік беру;
– əр оқушының оқуға деген қабілетін барынша жетілдіру;
– мамандық таңдауға ерікті дайындау;
– оқу барысында əр оқушының өзіндік жұмыс жасауына
дағдыландыру.
Сонымен қатар информатика мұғалімі оқушылардың білім
деңгейін, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап алуы қажет.
Оны тексеру келесі мақсаттарға негізделген тапсырмалар жүйесін
қолдану арқылы тиімді болады:
– оқыту деңгейі;
– өзіндік жұмыс жасау шеберлігі;
– пайымдау қабілеттілігі;
– математикалық-информатикалық ойлау қабілетінің даму
деңгейлігі;
– танымдық қызығушылықтар т.с.с.
Мысал ретінде жаратылыстану-математикалық бағытта оқитын
10-сыныптың есебін алуға болады:
Тапсырма: Жұлдызшылар жылды 12 кезеңге бөліп, олардың
əрқайсысына зодиак белгілерін былай сəйкестеген:
21.01-20.02 – Суқұйғыш 23.07-23.08
–
Арыстан
458
21.02-20.03 – Балықтар 24.08-23.09
–
Бикеш
21.03-20.04 – Тоқты 24.09-23.10
–
Таразы
21.04-20.05 – Торпақ 24.10-22.11
–
Сарышаян
21.05-21.06 – Егіздер 23.11-21.12
–
Мерген
22.06-22.07 – Шаян 22.12-20.01
–
Тауешкі.
Енгізілген туған күн бойынша сəйкес зодиак белгісін шығаратын
программа құрыңыз.
Тапсырманы орындаудың бір мысалы:
Program zodiak; {Енгізілген туған күн бойынша сəйкес зодиак
белгісін шығаратын программа құрыңыз}
var n,i,d,m,u,k,s,dop:integer; d1: array[1..12] of integer;
z:array[1..12] of string; a: array[1..12,1..12] of integer;
begin writeln; write(‘күн, ай, жылды енгізіңіз:’); readln(d,m,n);
if (n mod 4)=0 then k:=1 else k:=0;
if (n mod 100=0) and (i mod 400<>0) then k:=0;
z[1]:=’Суқұйғыш’; z[2]:=’Балықтар’; z[3]:=’Тоқты’;
z[4]:=’Торпақ’; z[5]:=’Егіздер’; z[6]:=’Шаян’; z[7]:=’Арыстан’;
z[8]:=’Бикеш’; z[9]:=’Таразы’; z[10]:=’Сарышаян’;
z[11]:=’Мерген’; z[12]:=’Тауешкі’;
for i:=1 to 12 do
case i of
1,3,5,7,8,10,12: d1[i]:=31;
4,6,9,11:d1[i]:=30;
else if k=1 then d1[i]:=29 else di[i]:=28;
end; a[1,1]:=20; a[1,2]:=49;
for i:=2 to 12 do begin
if i>2 then u:=k else u:=0;
case i of
2,3: dop:=30-1;
4,6,7,8,9,10: dop:=31-1;
5: dop:=32-1;
11,12: dop:=29-1;
end;
a[i,1]:=a[i-1,2]+1+u; a[i,2]:=a[i,1]+dop+u;
end;
s:=0;
if m:=1 then goto 1;
for i:=1 to m-1 do s:=s+d1[i];
459
1: s:=s+d;
if (s<20) or (s>=355) then write(z[12]);
for i:=1 to 11 do if (s>=a[i,1]) and (s<=a[i,2]) then write(z[i]);
end.
Осындай есептерді шығару барысында оқушының логикалық
ойлау қабілетін тексеруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |