көшіретін программа құрыңыз.
460
Тапсырманы орындаудың бір мысалы:
program 16; {Ондық жүйеден кезкелген жүйеге (32-лік жүйеге де)
көшіру программасы. Мұның алгоритмі [3]-тен алынды}
var n,k,r,x,x1:integer; as,bs:string;
begin
writeln; write(‘ондық сан енгізіңіз:’); read(x); x1:=x;
as:=’’; write(‘санау жүйесінің негізін енгізіңіз:’); read(n);
while x>0 do begin
k:=x mod n; x:=x div n;
if k<10 then str(k,bs) else bs:=chr(ord(‘a’)+k-10);
as:=bs+as;
end;
write(‘негізі ’,n,’ болатын’,x1,’ саны = ’,as)
end.
Жалпы, информатиканы саралап оқытуда:
– тақырыптың бастапқы кезеңінде, тапсырманы бағдарлағанда
мұғалім бақылап, көмек беру керек;
– мектептегі информатика курсында мұғалімдер оқушыларды
бағалай (оқу қабілеттілігі, интеллектуалдық қабілеті жəне т.б.) ала-
ды;
– оқушылардың өзіндік əрекетінің үлестік көрсеткіші арта-
ды, информатика мұғалімі оқушылардың пəнге қызығушылығын,
шығармашылық деңгейін арттыратын тапсырмалар ұсынып отыруы
керек;
– интербелсенді оқыту əдістерін, заманауи оқу құралдарын
тиімді қолдануды талап етеді.
Əдіснамалық тұрғысынан қарастырғанда жаратылыстану-
математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы
оқыту үдерісінде келесі сəттерге көңіл аудару керек.
Алгоритмдер мен программалау бөлімі ең маңызды орын ала-
ды. Жоғары сынып оқушылары əртүрлі қиындықтағы жобалар-
ды орындауға, программалар əзірлеуге үйренуі керек. Сондықтан
объектілі-бағытталған программалау əдістерінің компьютерлік
программалау əзірлеуде қолдану жолдарын оқушылар дұрыс
қабылдауына назар аударылуы керек. Мұндай бағыттағы
тақырыптарды оқып үйренуде келесі міндеттерге қол жеткізіледі:
– объектілі-бағытталған программалау əдіснамасын меңгеру;
461
– объектілі-бағытталған программалау техникасын қайсыбір
программалау тілінде меңгеру;
– оқушының
информатикадағы
проблемаларға
жалпы
көзқарасын кеңейту.
Бұл ретте программалау тілін таңдау үлкен рөл атқарады. Визуал-
ды программалаудың тез танымал болғанын ескерсек, Delphi, Visual
Basic, C++Builder типті программалау жүйелері сабақтарды жүргізу
тəсілдерін тиімді етері сөзсіз. Алайда, педагогикалық əдебиеттерде
əртүрлі көзқарастар айтылады.
Мұндай проблемалардың бірі жоғары сыныпта бөлінген сағаттар
визуалды-объектілі тəсілдерді меңгеруге жеткіліксіздігі. Екінші
көзқарас Delphi (кей жағдайларда Visual Basic) программалау жүйесі
Паскаль тілі негізінде құрылған объектілі программалау жүйесі бо-
лып табылады жəне оның кəсіби деңгейі өте жоғары. Borland фирма-
сы Турбо Паскаль тілін программалауға оқытуға қолдану тілі ретінде
танытса, Delphi жүйесін əзірлеушілерге Windows стиліндегі интер-
фейс қолданушыларына ыңғайлы еткен. Сонымен қатар, Delphi
«клиент-сервер» архитектурасы үшін, Internet үшін қосымшалар
əзірлеу құралы да табылады. Демек аз да болса бұл туралы білім
оқушыларға таныс болуы керек.
10>Достарыңызбен бөлісу: