18.3 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы
жоғары сыныптарда информатиканы кəсіби саралап
оқыту əдістері
Информатиканы бейімді саралап оқытудың үш негізгі бағыты
бар:
1. оқушыларды сынып құрамы бойынша бірдеңгейлі етіп құру;
2. информатика курсын баяу жəне тез өту;
3. сыныпта тапсырманы саралап үйрету.
Бірінші бағыт есептеуге бейімі бар сыныпта немесе информати-
каны оқытуда қиынға соғатын сыныптарда өткізіледі.
Екінші бағыт дефектологиялық кемшіліктері бар мектептерде
өткізіледі.
Үшінші əрекетті бағыт өзіндік жұмыс жасауға бейімделген мек-
тептерде өткізіледі.
Жаратылыстану-математикалық бағыттардағы сыныптар үшін
информатиканы саралап оқытудың жоғарыда аталған бірінші бағыты
өзекті екендігі анық. Бұл сыныптарда информатиканы терең меңгеру
үшін сабақта өтілетін материал үй тапсырмаларымен оңтайлы
ұштасып отыруы керек.
Үй жұмысын əртүрлі əдістермен тексеруге болады:
– оқушы берілген тапсырмалардың ішінен өзі таңдап (мысалы,
берілген 5 тапсырманың 3 орындау) орындайды;
– оқушыға ерікті түрде таңдап алып орындау үшін қосымша
есептер беріледі.
Үй жұмысын орындауға арналған есептердің мысалы ретінде
келесі тапсырманы ұсынуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |