Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дəнді дақылдардың қуыстылығы мен натурасы



Pdf көрінісі
бет157/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Дəнді дақылдардың қуыстылығы мен натурасы 

30-кесте 

Дақылдар 

Қуыстылық, % 

Натура, г/л 

Бидай  

35-45 


650-840 

Қара бидай 35-45 

600-750 

Арпа  


45-55 

500-700 


Күріш  

50-65 


420-550 

Сұлы  


50-70 

400-550 


Қарақұмық  

50-60 


500-650 

Жүгері  


35-55 

680-820 


Тары  

30-50 


600-730 

Асбұршақ  

40-45 

700-800 


Зығыр 35-45 

500-680 


Күнбағыс  

60-80 


300-440 

 

Сонымен,  астық  массасының  қуыстылығы:  ірілігі,  майда 



дəндер  жəне  кіші  қоспалардың  мөлшері,  біркелкілік  сипаты, 

ылғалдылық  шамасы,  дəндердің  пішіні,  бетінің  тегістігі,  астық 

қораптары,  силостардың,  жай  қоймалардың  өлшемдері,  сақталу 

уақыты,  толтыру  əдістері  сияқты  əртүрлі  жағдайларға 

байланысты өзгереді. 

Егер  астық  құрамындағы  ірі  жəне  майда  дəндер  біршамалас 

болса,  ондай  астық  жиымы  тығыз  төселіп  орналасады  да 

қуыстылығы  аз  болады.  Толықсыған,  кедір-бұдырлы  дəндер 

тығыз  орналаспайды,  мұндай  астықтың  қуыстылығы  көбірек 

болып келеді. Барлық жағдайда жіңішке жəне қысқа дəндер басқа 

пішінде дəндерге қарағанда, тығыздау орналасады. 

Ірі қоспалар астықтың қуыстылығын кəдімгідей көбейтіп, ал 

майда  қоспалар  дəндераралық  кеңістікке  түсіп  орналасады  да, 

жалпы қуыстылықты кемітеді. 

Қуыстылық  астықтың  ылғалдылығы  жоғары  болса,  ол  да 

жоғары мөлшерде болады. Ылғалданған астық қоймада сақталып 

жатқанда  қабынады,  көлемі  ұлғаяды  да  нығыздалады.  Осының 

салдарынан 

сусымалылығы 

елеулі 


төмендеп, 

астықтың 

нығыздалып қалу қаупі төнеді. 

Астық  массасының  қуыстылығының  шамасы  көп  болса, 

қойманың сыйымдылығы үлкен болуға тиіс. 

Астық  массасының  құрамына  майда  қоспа  бөлшектері  көп 

болса,  олар  ауа  қуыстығын  толтырып,  оның  шамасын 

төмендетеді. 




 

328


 

Қуыстылықтың  технологиялық  маңыздылығы  жоғары:  оның 

шамасына  байланысты  тездетіп  желдету  үдерісін  жүргізу  үшін 

ауа  мөлшерін,  аэродинамикалық  кедергі  қысымын  есептеп; 

сыртқы  ауамен  желдету,  жылы  ауамен  қыздыру,  ыстық  ауамен 

кептіру үдерістерін толық есептеп қажетті қондырғылардың саны 

мен өнімділігін есептеп анықтайды. 

Қуыстылыққа  байланысты  астық  массасының  жылу  жəне 

ылғал өткізу қабілетін, ауа оттегінің оның ішкі жағына бөлінуін, 

жалпы  сапасын  жақсартуға  байланысты  технологиялық  өңдеу 

əдістерін  тиімді  жүргізуге  (газациялау,  дегазациялау,  тұқымдық 

қасиетін жоғарылату, зиянкестерді жою т.б.) болады. 

Қуыстылықтың  бір  ғана  теріс  əсері  бар – ол  жалпы 

микроорганизмдер  мен  зиянкестердің  өсіп  дамуына  жəне 

таралуына  жақсы  жағдай  тудырады.  Астық  массасының 

сұрыпталуына 

байланысты 

оның 


қуыстылығы 

өзгереді, 

сондықтан əр бөлігінде əртүрлі қуыстылығы пайда болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет