Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет210/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

415


 

ХІX тарау. Астықты сақтаудың əдістері мен тəртіптері 

 

19.1.  Сақтау тəртібінің жалпы сипаттамасы 

 

Дəндердің  жекелеген  қасиеттері  мен  оны  сақтау  кезінде 

жүретін  үдерістердің  өзара  байланысы,  олардың  ортаның  негізгі 

факторларына  байланыстылығы,  дəндердің  сапасы  мен  күйіне 

тигізетін əсер етуі – осының бəрі сайып келгенде дəндерді сақтау 

тəртібіне (режиміне) байланысты болады. Астық сақтау тəсілдері 

де  негізінен  олардың  физикалық  жəне  физиологиялық 

қасиеттерінің  ерекшеліктеріне  байланысты  топтастырылған. 

Одан  басқа  қолданылатын  тəсілдердін  тиімділігі  елдің 

техникалық  жəне  экономикалық  деңгейімен,  ауа  райы 

ерекшеліктерімен жəне де басқа шарттармен анықталады. Астық 

өндіру маусымды  үдеріс,  ал  оны  тұтыну жыл бойына  созылады. 

Астықтан  жылына  азықтық,  жемдік  жəне  тұқымдық  қор 

жиналады.  Оларды  тұтыну  мұқтаждығына  сай  əртүрлі  мерзімде 

сақтауға  тура  келеді.  Сондықтан  астық  сақтау  қысқа  жəне  ұзақ 

мерзімді болады. 

Бірінші  тəсіл  тəуліктік, 1-3 айға  созылатын  болса,  екінші 

тəсіл  бірнеше  жылға  созылады.  Астық  сақтаудың  негізгі 

көрсеткіші дəндердің шығынсыз, ысырапсыз болуын қамтамасыз 

ету. 


Астықтың  сусымалылығына  байланысты  дəндерді  қаптап 

жəне үйінді түрде сақтау тəсілдері кең тараған. 

Астықты  негізгі  сақтау  тəсілі  қоймаларда  үйінді  (үйме) 

күйінде  сақтау.  Бұл  тəсілдің  қойманың  сыйымдылығын  тиімді 

пайдалану,  астық  өңдеуді  механикаландыру,  астық  қорының 

зиянкестерімен  күресуді  ұйымдастыру,  дəндердің  сапасын 

бақылау сияқты жұмыстарды дұрыс жолға қоюға мүмкіндігі мол. 

Қаптап  сақтау  тəсілі,  тұқымдық  жəне  басқа  арнаулы 

дəндердің  түрлерін  қаптап,  жекелеп  сақтау  үшін  тиімді.  Астық 

сақтаудың негізгі үш тəртібі қолданылады:  

1)  құрғақ күйде;  

2)  салқындатылған күйде;  

3)  ауасыз ортада.  

Сақталып  жатқан  астықтың  сапасын  арттыруға  мүмкіншілік 

тудыратын  басқа  да  əртүрлі  технологиялық  үдерістер  де 



 

416


 

қолданылады.  Оларға:  кептіру,  қоспалардан  тазарту,  желдету, 

зиянкестерден қорғау, консервілеу жəне т.б. жатады. 

Қандай  да  бір  сақтау  тəртібінің  қолдануының  тиімділігі 

дəндер  сақталатын  ауданның  табиғат,  ауа  райы  жағдайымен 

астық  қоймаларының  түрі  мен  кəсіпорындардың  техникалық 

мүмкіндігімен,  дəндердің  сапасы  мен  қандай  мақсатқа 

жұмсалатындығымен  анықталады.  Мысалы,  ауа  райы  жауын-

шашынсыз,  құрғақ  оңтүстік  аудандарда  дəндерді  құрғақ  күйде 

сақтаған орынды, өйткені жинаған кездегі олардың ылғалдылығы 

төмен болады. Еліміздің орта жəне солтүстік аймағы жағдайында 

(егін  орағы  көбіне,  жауын-шашынмен  қабаттас  келіп,  дəндер 

ылғалдылығы 20-25%-ға  дейін  жететін,  кейде  одан  да  асып 

кететін  жерлерде)  дəндерді  дер  кезінде  кептіру,  салқындату 

қажет. Сонымен, астық сақтау тəсілдері мен ереже тəртіптерінің 

орнын  тауып  қолдану  технологиялық  жəне  экономиялық 

тиімділікке қол жеткізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет