Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астықты салқындатылған күйде сақтау



Pdf көрінісі
бет212/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

 

19.3.  Астықты салқындатылған күйде сақтау 

 

Дəндерді  салқын  күйде  сақтау  тəртібі  төмен  температурада 

негізгі  дақыл  дəннің,  арамшөптер  тұқымының,  микро- 

организмдердің, жəндіктердің тіршілігі қүрт төмендеп кететініне 

немесе  тіпті,  тоқтап  қалатынына  негізделген.  Астықтың  жылу 

өткізгіштігінің  төмендігі  арқасында  оның  салқындатылған  күйін 

элеваторларда  сақтағанда  бір  жылға  дейін,  қоймаларда  алты 

айдан астам уақыт бойы сол күйде ұстап тұруға болады. Əртүрлі 

күйдегі астықты дер кезінде жəне табиғи түрде дұрыс салқындату 

оның  бүкіл  сақтау  мерзімі  бойы  бұзылмауын  қамтамасыз  етеді. 

Сақтаудың  бұл  тəртібі  жер  шарының  əртүрлі  елдерінде,  əсіресе, 

табиғи  салқындықты  пайдалану  мүмкіндігі  бар  жердің  бəрінде 

кеңінен қолданылады. 

Астыққа 5-10

0

  С  шамасындағы  температура  қолайлы. 



Сондықтан  біздің  еліміздің  көп  бөлігінде  астықты  ауамен 

желдетуді  жəне  тəуліктік  температура  ауысуын  пайдалана 

отырып, дəндерді салқын күйде сақтауға жағдай жасауға болады. 

Салқындатуды  элеватор  қораптарында  ылғалды,  балауса,  орып 

жиналған  астықты  кептіргенге  дейін  уақытша  ғана  сақтау  үшін 

пайдаланады. 

Астықты  желдетіп  салқындату  оның  сақтауға  төзімділігін 

арттырады,  сонымен  бірге  ылғалдылығы  мен  сыртқы  ауа 

температурасының  белгілі  бір  үйлесімі  кезінде  дəндер  сапасына 

нұқсан  келтірмейді.  Астықтың  ылғалдылығы  мен  темпера- 

турасын үйлестіре отырып, дəндердің сақтау мерзімін анықтауға 

болады.  Негізі  ауаның  температурасы  неғұрлым  төмен  болса, 

соғұрлым дəндердің сақтау мерзімі де ұзақ болады. 



 

418


 

Астық  дайындау  жүйесіндегі  кəсіпорындар  үшін  үймедегі 

дəндердің температурасы 10

0

 С болса, ол салқындатылған болып 



табылады.  Бүкіл  үйме  температурасы  0

0

С-тан 10



0

С  аралығында 

болса,  ол  бірінші  дəрежеде,  ал  0

0

  С-тан  төмен  болса,  екінші 



дəрежеде салқындатылған болып саналады. 

Дəндерді  0

0

С-қа  дейін,  одан  сəл  төмендеу  салқындату,  оның 



жақсы  сақталуын  қамтамасыз  етеді.  Одан  əрі  салқындату 

(мұздату) 

технологиялық 

əрі 


экономикалық 

тиімділікті 

төмендетуге əкеледі, өйткені бұл ылғалдылығы жоғары дəндердің 

өнгіштігін 10-20

0

С  температура  кезінде-ақ  күрт  азайтып  жіберуі 



мүмкін.  Оның  үстіне  шамадан  тыс  салқындату  қыстан  көктемгі-

жазғы  жағдайға  көшу  кезіндегі  үйме  температурасының  күрт 

өзгеруінен  пайда  болатын  астықтың  үстіңгі  қабатының  қызуына 

тосқауыл бола алмайды. 

Сөйтіп  салқындатуды  кеңінен  қолдану – дəндер  сақталуын 

қамтамасыз  ететін  қажетті  шаралардың  бірі.  Ауа  райы 

салқындағаннан  кейін  сақтауға  қойылған  дəндер  оның  қанша 

уақыт сақталатынына қарамастан салқындатылуы қажет. 

Біздің  елімізде  дəндер  негізінен  суық  атмосфералық  ауамен 

салқындатылады.  Суықты  қолдан  жасау  амалы  да  қолданыла 

бастады.  Астықты  атмосфералық  ауамен  салқындатудың: 

пассивті жəне белсенді сияқты екі түрлі тəсілі бар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет