18.5. Басқа дақылдардан алынған ұнда жүретін үдерістер
Сақтауға бидай ұнынан басқа қара бидай, шамалы мөлшерде
арпа, жүгері, сұлы, тары, қарақұмық, бұршақ жəне бұршақ
дəндердері ұны да қойылады. Оларда да бидай ұнындағыдай
үдерістер жүруі ықтимал, яғни тотығу, қышқылдану сияқты
микробиологиялық жəне биологиялық үдерістер бұларға да тəн.
Əйтсе де, ұнның кейбір түрлерінің өзіндік сақтау
ерекшеліктері бары байқалады. Мысалы, жүгері, сұлы дəндері
мен қытай бұршақ тұқымынан алынатын ұн сақтау кезінде бидай
ұнына қарағанда, тезірек кермектенеді. Бұл ұн түрлері сақтауға
шыдамайды, сондықтан оларды тез пайдалану керек. Олар тек
температурасы төмен немесе ауасыз жерде ғана сақталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |