Басқа түрлерге қарағанда, астық қорында бұлар жиі кездеседі.
461
Кененің даму сатылары: жұмыртқа, балапан кене, нимфа-І,
нимфа-ІІ. Қолайсыз жағдайларда ұн кенесі қимылдайтын гипопус
шығарады. Оның бауырында артқы аяқтарыныңғ түбінде бес қос
жабысқақ
ауыз
болады,
олардың
көмегімен
гипопус
жануарлардың денесіне жабысып, дамуы үшін қолайлы жағдай
туғанша сонда жүре береді. Қолайлы жағдай туысымен гипопус
қабығын тастап ІІ нимфаға айналады да, одан ересек кене
шығады.
Кене үшін қолайлы температура 15
о
С-тан 22
о
С-қа дейінгі,
өнімнің ылғалдығы 14% - 17% дейінгі аралық. Ұн кенесі суыққа
төзімді, төмен температураны жақсы көтереді. Ол көбіне-көп
бидай, қара бидай, жарма, кепкен жеміс, көкөніс, құлмақ, емдік
шөптер, тері жəне басқа өнімдерде өсіп-жетіледі. Астық
массасына қарағанда, ұн мен жармада жақсы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: