Дəндер өнімдерінің ылғалдылығы. Сусыз тіршілік жоқ. Зат
алмасудың барлық үдерістері – қоректену, тыныс алу – суды
қажет етеді. Зат алмасу барысы организмдегі су мөлшеріне
тікелей байланысты, ол зиянкестердің əр түріне 48-67%
аралығында болады. Қабығы мықты да қалың жəндіктерде су аз
да, қабығы жұмсақ балапан құрттарда ол көп; мысалы, қамба
бізтұмсығының денесіндегі су 46-47%-да, көбелек жұлдыз
құртындағы су 90-92%.
Зиянкес денесіндегі ылғал мөлшері үнемі азайып отырады.
Олар суда тыныс алғанда, қабығы арқылы бу шығарғанда жəне
нəжіспен бірге шығарады. Жəндіктер мен кенелер ылғалы аз
өнімдерде тіршілік етіп, суды аз жұмсауға бейімделгенімен ол
бəрі бір шығын болмай тұрмайды. Бұларға жағымды ылғал
таксис тəн: ылғал тапшы жағдайда, олар астық үйіндісінің
неғұрлым ылғалды жерлеріне қарай көшеді.
Су тапшы болғанда жəндіктер мен кенелердің дамуы
тежеледі немесе тіпті тоқтайды. Дегидратация – зиянкестер
тіршілігін шектейтін құбылыстардың бірі. Жəндіктер мен кенелер
денесіндегі су қорын толықтырып отырулары қажет. Əртүрлі
өмірлік қажетті қызметтерді жүзеге асыру үшін зиянкеске
467
өнімнің түрліше ылғалдылықта болғаны керек. Жəндіктердің
тіршілік етуі үшін оның даму цикілінің аяқталуы кезіндегіге
қарағанда, өнім ылғалдығының төмендеу болғаны дұрыс.
Зерттеулер
ылғалдың
жəндіктер
мен
кенелерге
температураның ауытқуына қарай əсер ететінін көрсетеді. Оның
26,7
0
С-қа дейін көтерілуі күріш бізтұмсығының құрғақ дəндерде
тіршілік ету қабілетін арттыра түседі. Температура мен
ылғалдықтың ауытқуы жəндіктердің жаппай қаулап көбеюінде
де, сондай-ақ оның жетіліп, жəндіктердің өлуінде де үлкен рөл
атқарады.
Дəндер мен өңдеуден алынған өнімдердің сақтау кезіндегі
ылғалдығы 13-14%-ға тең, көбіне одан да жоғары болады.
39-кестеде берілген əртүрлі зиянкестердің дамуы үшін қажетті
ылғалдық шегі мен жоғарыда айтылған ылғалдың мөлшерін өзара
салыстыра отырып, дəндердің ылғалдығы дегеніміз көптеген
жəне аса кауіпті кенелер мен жəндіктердің дамуын ішінара ғана
шектейтін шарт деген қорытынды жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |