Родинов кенесі (Cologlyphus Rodiuohovi A. Zachv) ірі
түрлерге жатады. Денесінің ұзындығы 1,12 мм, ашық түсті.
Алдыңғы екі қос аяғының басында орақ тəрізді тікенектері бар.
Қозғалатын гипопус шығарады. Родионов кенесі ылғал жəне
жылуды жақсы көреді. Ылғалдылығы 22-25% кем болмайтын
өнімде, температура 16,5
о
С пен 30
о
С аралығында болғанда ол
жақсы дамиды. Құрғақ дəндерде бұл кене тіршілік ете алмайды.
Сопақ (ұзынша) кене (Tyrophayus noxius A.Zachv.) Сыртқы
түрі мен тіршілік етуіне қарай ұрғашы ұн кенесін еске түсіреді.
Одан
айырмашылығы
денесінің
артқы
жағында
ұзын
қылтанақтары (14 данаға дейін) болады. Түсі ақ, денесі сопақша,
ұзындық тұрқы 0,3-0,4 мм. Аяқтары онша жуан емес. Ақ немесе
ақшыл түсті.
Сопақ кене ұн кенесіне қарағанда, жылуды тəуір көреді,
салқынды көтере алмайды. Дамуы үшін қолайлы температура 25-
30
о
С, дене ылғалдығы 14%. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы
90 % болғандағы қолайлы температураның төменгі шегі 7-10
о
С,
жоғары шегі 35-37,5
о
С. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60%
төмен болса, кене жетілмейді, ал ол 100 % болған жағдайда өте
жақсы дамып-жетіледі. Сопақ кене бидай, арпа, кебек, жарма, ұн,
ірімшік, кепкен жемістермен қоректенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |