Тықыр (жылтыр)(Chortogluphus arcuatus Troup). Еліміздің
оңтүстік өңірлерінде тараған, Алтай өлкесінде де кездеседі. Қара
бидай, бидай, күріш, ұн, беде тұқымын зақымдайды.
Кене денесі сопақша, тұрқы 0,27-0,45 мм, ақшыл сары немесе
жасылдау түсті, аяқтары қызғылт. Бас-кеуде жалбағай секілді
тұтаса бітіп, аузын жауып тұрады. Аяқтары ұзын əрі жіңішке, түгі
қысқа да сирек. Сондықтан кене денесі жалаңаш, тықыр (жалтыр)
болып көрінеді. Қолайлы температура 34
о
С. Сонша өсімтал емес.
Қоңыр кене (Gohieriafusca Ouds). Түсі қоңыр, біртегіс қысқа
түктері бар. Өнімнің қоңыр кене үшін қолайлы температурасы
22-24
о
С, қолайлы ылғалдылығы 15-16 пайыз. Кене бидай, қара
бидай дəндерін, қауызы ашылған күрішті зақымдайды.
Ылғалдығы жоғары дəндерді сақтаған кезде кенелер саны күрт
көбейіп, айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
463
Достарыңызбен бөлісу: |