Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Астық зиянкестерінің кейбір түрлері үшін астық өнімдерінің



Pdf көрінісі
бет259/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Астық зиянкестерінің кейбір түрлері үшін астық өнімдерінің 

ең төмен жəне қолайлы ылғалдылығы шектері 

39-кесте 

Астық зиянкестері 

Астық өнімдері 

ең төменгі шегі 

Ылғалдылығы, % 

қолайлы шегі 

Дəндер кеміргіш 

Қойма 


жəне 

күріш 


бізтұмсықтары 

Нан  кеміргіш,  құлықшыл-ұры, 

сары ұнжегіш 

Диірмен қан көбелегі 

Кенелер: ұндық 

Қылтанақты 

Радионовтікі 

11-12 



10-12 

11-12 


13-14 

14-15 


18-20 

12-14 


13-17 

13-15 


13-16 

17-18 


18-20 

24-25 


 

Қоймадағы астық пен ауаның температурасы 

Жəндіктер  мен  кенелер  денесіндегі  температура  тұрақты 

болмайды.  Оларда  мұны  реттеп  отыратын  қабілет  жоқ.  Солай 

бола  тұра  организмдегі  барлық  маңызды  құбылыстар  онымен 

тығыз  байланысты.  Жəндіктер  мен  кенелер  денесіндегі 



 

468


 

физиологиялық  құбылыстардың  тұрақты  болмауына  бірден-бір 

себеп болатын нəрсе қоршаған орта температурасы. 

Əрбір  түр  үшін  қолайлы  тіршілік  шекарасы,  аса  қауіпті 

жоғары  жəне  төмен  температура  аймағы,  жылылық  жəне 

салқындық  жансыздану  аймағы,  қалыпты  тіршілік  аймағы  бар. 

Жəндіктер  мен  кенелердің  қалыпты  тіршілігі  үшін  қажетті 

температураның  төменгі  шегі 6-12

0

С,  жоғары  шегі  шамамен 36-



42

0

С.  Осылардың  аралығында  температура  олар  үшін  қолайлы 



болып  саналады,  осы  кезеңде  кенелер  мен  жəндіктердің  толық 

дамып-жетілу үдерісі өтеді. Олар осы уақытта күшті қоректенеді, 

көбейеді,  өсіп-өнеді,  зиян  келтіреді.  Тіршілік  шекарасынан 

тысқары  жерде  жəндіктер  мен  кенелер  жансыздана  бастайды. 

Олар  қимылсыз  күйге  түседі,  даму  үдерісі  баяулайды  немесе 

мүлде  тоқтайды.  Аталған  температура  шегінен  əрі  асқанда 

зиянкестер өліп қалады. 

Жоғары  жəне  төмен  температура  зиянкестерге  түрліше  əсер 

етеді.  Алғашқысы  зиянкестерді  əуелі  есеңгіретіп,  одан  əрі 

көтерілген кезде жансыздандырады да, аса жоғары температурада 

ақзат  бұзылуы,  ыдырауы  (денатурациясы)  салдарынан  олардың 

өліп  қалуына  соқтырады. 35

0

С  температура  зиянкестер  үшін 



қолайсыз, олар жұмыртқа салуды тоқтатады. Ыстық ұру 38

0

С, ал 



өлтіріп тастайтын температура 48-55

0

С болып табылады. 



Температураның  төмендігі  де  зиянкестерге  қолайлы  бола 

қоймайды.  Мысалы,  температураның  болмашы  ғана  төмендеуі 

(12-16

0

С)  жəндіктердің  көбеюін  тежейді,  зиянкестердің  даму 



кезеңін ұзартады, ал оның одан əрі төмендеуі (10-11

0

С) жұмыртқа 



салуды,  қоректенуді  жəне  қозғалысын  тоқтатады.  Тоңазу  0

0

 



шамасында болатын құбылыс. Температура бұдан да төмен түсуі 

денедегі  сұйық  заттың  мүлде  қатып  қалуына  əкеп  соқтырады. 

Мұндай  температура  қауіпті  болып  есептеледі.  Жəндіктердің  əр 

түрінде  олар  түрліше.  Дене  суықтан  қатқанымен  бұл  кезде 

организмде  əлі  мұз  пайда  болмайды.  Мұз  қатқан  кезде  зиянкес 

денесі сусызданады да, ол өледі. Құрамында суы көп жəндіктер, 

əсіресе, балапан құрт жəндіктер суыққа өте төзімсіз келеді. 

Астық 


қоры 

зиянкестерінің 

жоғарыда 

келтірілген 

сипаттамасынан  байқайтынымыз  олардың  дамуы  үшін  қолайлы 

температура 18-32

0

С  аралығы.  Жылуды  неғұрлым  жақсы 



көретіндер – дəндер  кеміргіш,  күріш  бізтұмсығы,  оңтүстік 


 

469


 

қаңкөбелегі,  қамба  күйесі,  Суринам  ұн  жегіші  жəне  Родионов 

кенесі. Ұн кенесі мен қулықшыл ұры үшін қолайлы температура 

жылу  сүйгіш  түрлерге  қарағанда,  төмен.  Кенелер  төмен 

температураға  төзімді  келеді.  Температура 10

0

С  шамасында 



кенелердің  кейбір  түрлері  (ұн,  сопақ,  түкті)  қоректеніп,  көбейіп, 

жорғалап  жүре  береді.  Олардың  жансыздануы  0

0

С  немесе  тіпті, 



одан да төмен кезде туады. 

Жəндіктер  мен  кенелердің  дамып-жетілуі  үшін  қолайлы 

температураға  ғана  емес,  олардың  тіршілігін  тоқтатып,  қырып-

жоятын  температураның  да  (жоғары  жəне  төмен)  зор 

практикалық мəні бар. Бұл температура да зиянкестердің барлық 

түрі  үшін  бірдей  емес  жəне  ол  өнімнің  ылғалдылығына  да 

байланысты. 

Сонымен  температура  жəндіктер  мен  кенелердің  тіршілігі 

үшін  маңызды  фактор.  Астық  қорының  омыртқасыздар  тобына 

жататын  зиянкестеріне  қарсы  күрес  ретінде  төмен  температура 

кеңінен пайдаланылады. 

Атмосфера құрамы. 

Жəндіктер  мен  кенелер  тіршілігінде  атмосфера  құрамы,  ең 

алдымен, ондағы оттегі үлкен рөл атқарады. 

Оттексіз ортада жəндіктер мен кенелер тіршілік ете алмайды. 

Дəндерді  аударыстырмай,  желдетпей  сақтау  дəндер  арасындағы 

ауа  құрамын  өзгертеді.  Ондағы  оттегі  мөлшері  кеміп, 

көмірқышқыл  газ  көбейеді.  Осыдан  соң  зиянкестердің  тіршілік 

жағдайы  нашарлайды.  Олар  үйменің  ауа  өтетін  жеріне  қарай 

көшеді. Осы себепті астықта олар біркелкі кездеспейді, дəндердің 

зақымданғанын анықтарда мұны ескерген жөн. 



Жарық. Жəндіктер жарыққа жағымсыз таксис танытады, олар 

одан қашады. Дегенмен, дəндерді қараңғы жерде сақтау олардың 

дамуына тежеу бола алмайды. 

Кейде кенелер мен жəндіктердің жағымды таксис көрсететін 

кездері  де  болады;  егер  қоршаған  ортада  жылу  жетіспесе,  онда 

олар  электр  жарығына  ұмтылады.  Кенелер  қойманың  күн 

қыздыратын қабырғаларына өрмелеп шығады. Күн радиациясына 

ұшырамас  үшін,  олар  көлеңкелерді  тасалайды.  Бұл  жағдайлар 

əртүрлі  объектілердің  зақымдануына  тексеру  жүргізгенде 

зиянкестер таксисіне назар аудару қажеттігін дəлелдейді. 




 

470


 

Механикалық  əсерлер.  Жəндіктер  мен  кенелердің  (бұларда 

шамалы) дəндерде болған кезде əртүрлі механикалық əсерлерден 

қорғану  қабілеті  қалыптасқан.  Танатоз  (қорғану  реакциясы) 

құбылысы  оларды  жарақат  алудан  қорғайды,  соған  қарамастан 

оларды  астықтан,  дəндерден  ажырату  қиын  емес.  Бұл  дəндердің 

зақымдалғанын  анықтау  жəне  оларға  қарсы  күрес  шараларын 

жүргізгенде  ескеріледі.  Мысалы,  дəндерді  сепаратор  деп 

аталатын қондырғыларда тазалағанда кенелердің 50-95%-ы жəне 

қоңыздардың дені бөлініп алынады. Оған қоса сепарациялау жəне 

қозғап  жылжыту  үдерісінде  кейбір  дəндер  ішінде  жатқан 

жəндіктердің  де  өлуі  ықтимал.  Күшті  механикалық  əсерлерден 

(дəндердердің  машиналардың  жұмысшы  органдарына,  қойма 

еденіне  соғылуы,  дəндердердің  бір-біріне  үйкелуі)  олар  өліп 

қалады, кейде,тіпті, толығымен жойылады. Механикалық əсерге, 

əсіресе,  кенелер  аса  сезімтал.  Дəндерді  транспортер  делінетін 

қондырғыларды пайдаланып тасымалдау 30-70%-ын жояды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет