Құрсақты кенелер (Pediculoididae). Бұлар тірі туатын
кенелер. Астық қоры зиянкестері тобының ішіндегі кейбір
түрлері жəндіктердің балапан құрттары мен қуыршақтарын
жейді.
Құрсақты кене немесе семіз кене (Pediculoides ventricosus
Newp) барлық елге тараған. Өзі өте ұсақ, дене тұрқы 0,26 мм
ғана. Ақшыл сары түсті. Ұрғашы кене кенешігін тірі туады. Өсіп-
жетілуі үшін қолайлы температура 15-21
о
С. Құрсақты кененің
зиянды жəндіктер мен кенелер паразиті ретіндегі рөлі онша үлкен
емес.
Тышқан тəрізді кеміргіштер (Muridae). Хайуандардың бұл
тобына егеуқұйрық, тышқан, аламан, сұр тышқан жатады. Бұлар
əлемнің балық елдеріндегі азық қорына орасан зор зиян
келтіретін қауіпті зиянкестер. Олар өнімнің көп бөлігін құртады,
оларды ластайды, жұқпалы аурулар таратады, ыдыстарды, құрал-
саймандарды, қоймаларды бүлдіреді.
Егеуқұйрықтар мен тышқандар кеміргіштер тобына жатады,
олардың ерекше белгілері – тіс жүйелерінің құрылысы мен бүкіл
тіршілігі бойына оларды ұдайы қайрап отырудың қажеттігі.
Кемірігіштер өте өсімтал. Мысалы, сұр егеуқұйрық жылына
үштен жеті ретке дейін ұрпақтанып, əр жолы 7-8 күшік туады. Бір
ересек егеуқұйрық жылына 22-23 кг-ға дейін дəндер өнімдерін
құртады. Олай болса, бір жұп егеуқұрықтың ұрпағы ғана талай
шығын келтіреді деген сөз.
464
Астық
қабылдау
жəне
өңдеу
кəсіпорындарының
территориясында егеуқұйрықтар қойма едендерінің астынан, қос
қабат қабырғалар арасынан, қоқыстар төгілген жерлерден ін
қазады.
Достарыңызбен бөлісу: |