Ылғалды
дезинсекция.
Бұл
үшін
біздің
елімізде
триклорметафос – 3, метилнитрофос, карбофос жəне хлорофос
қолданылады.
Пестицидтер 1м
2
ауданға шаққандағы шығыны олардың
түріне қарай 0,2 ден 4,0-ға дейін, ал судың шығыны 0,2-0,4 л.
болады.
Осындай
əдіспен
өңделген
қоймаға
астықты
орналастыруға 5-13 күн өткеннен соң ғана рұқсат етіледі.
Ылғалды дезинсекцияның мəні-улы заттар судағы ерітінді,
эмульсин, суспензия түрінде арнайы бүріккіштер арқылы майда
тамшыларға айналып, зақымданған жерге қонады.
Ылғалды дезинсекция үшін ОРП («Автомакс»), ОВП
(«Помона»), ОМП-В жəне ОПТ бүріккіштері қолданылады. Кейде
басқа аппараттар да: электрогидропульт, электрогидравликалық
дезинсекциялық аппарат жəне т.б. пайдаланылады.
Объектілерді ылғалды дезинсекциялау үшін ұсынылатын
пестицидтер ішінде карборос айрықша назар аударарлық. Бұл
уды тек қоймалар мен территорияларды ғана емес, дəндерді
дезинсекциялау үшін де пайдалануға болады.
Карбофос жəндіктер мен кенелер үшін айтарлықтай улы,
дəндердің технологиялық жəне егістік сапасына нұқсан
келтірмейді, жəндіктер мен кенелер үшін улы мөлшерде ұзақ
сақталады. Сондықтан, карбофос астықты ұзақ мерзім сақтауға
қойған кезде зарарсыздандыру жəне алдын алу мақсатында
əртүрлі дəндерді (азықты, жемдік жəне тұқымдық) өңдеу үшін
қолданылады.
Карбофос көмегімен дезинсекциялау үшін қоймалардың
саңылау-тесіктерін бітеу міндетті емес. Өңдеу технологиясы
қарапайым. Бұл үшін эмульсия арнайы форсункалармен
тозаңдатылады, олар бүріккіш тесіктеріне /шлангілеріне/
жалғастырылады.
Өзге фосфорорганикалық пестицидтер секілді карбофоспан
жұмыс істегенде де жеке қорғану шараларын (комбинезон, резина
етік жəне қолғап, қорғағыш көзəйнек жəне феспираторлар)
сақтаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |