Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет261/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Алдын  алу  шаралары.  Астық  дайындау  жүйесіндегі 

кəсіпорындарда ғана емес, ауыл шаруашылығында да, сауда жəне 

тамақтандыру жүйесінде жүргізіледі. 

Шаралардың  бұл  тобына  негізінен:  санитарлық  ережені 

(тəртіпті)  сақтау,  жəндіктер  мен  кенелердің  дамып,  көбеюіне 

қолайсыз жағдай туғызу жатады. 




 

472


 

Санитарлық  ережені  (тəртіпті)  сақтау.  Зиянкестердің 

топталған  көздерін  жою,  зақымданбаған  объектерге  ауысуының 

алдын  алу,  дəндер  жəне  дəндер  өнімдерімен  жұмыс  істегенде 

тазалық  пен  тəртіпті,  сақтау  үшін  жүргізілетін  алдын  алу 

шараларының маңызды шарты. 

Зиянкестер қоқыс үйінділерінде де көбейе алады. Сондықтан 

дəндер  жинау  басталар  алдында  астық  өткізуші  мекемелердің 

қырмандары  тиісті  санитарлық  жағдайға  келтіріледі.  Өткен 

жылғы 

қалдықтар 



өртеліп, 

оның 


астындағы 

топырақ 


пестицидтермен  өңделуге  тиіс.  Бүкіл  орақ  техникасы, 

технологиялық  машиналар  мұқият  тазартылып,  қажет  болса, 

зарарсыздандырылады. 

Астық  қабылдау  жəне  дəндер  өңдеу  кəсіпорындарында 

техникалық, астық қоймалары жəне басқа да өндірістік орындар, 

құрал-жабдықтар,  ыдыстар,  транспорт  құралдарын  таза  ұстаған 

жөн,  зиянкестер  жиналуы  мүмкін  қоқыс  пен  керексіз 

қалдықтарды кəсіпорын территориясынан мезгілімен тасып əкету 

жəне құрту қажет. 

Зақымдануды болдырмау жəне зиянкестермен күрес астықты 

қабылдау,  орналастыру  жəне  сақтау  ережелерін  міндетті  түрде 

орындауды  талап  етеді.  Зақымданған  дəндер  мен  өнімдерді 

зақымданбағандардан  бөлек  орналастыру  қажет.  Қалдықтарды 

арнайы орындарда сақтап, оларды бақылап отырған дұрыс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет