Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет266/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Дератизация. Бұл шара да зарарланудың алдын алу түрі деп 

екіге бөлінеді. 

Алдын  алу  шаралары  негізінен  кеміргіштерді  астық  қоры 

сақталатын орындарға жəне кəсіпорын территориясына жібермеу 




 

477


 

мақсатында  қолданылады.  Аталған  жерлерге  кеміргіштердің 

өтпеуі  үшін  əртүрлі  саңылауларды  металл  торлармен  бекіту 

қажет.  Кəсіпорындарда  санитарлық  ережелерді  сақтау – тышқан 

тəріздес  кеміргіштермен  күрестің  қажетті  шарты.  Кеміргіштер 

ішетін  суға  зəру  болғандықтан,  су  көздерін  дер  кезінде  жою 

оларды территорияны тастап кетуге мəжбүр етеді. 

Құрту  шараларына  кеміргіштерді  аулау,  химиялық  улағыш 

заттар  жəне  кеміргіштердің  табиғи  жаулары  мен  микробтар – 

жұқпалы  ауру  қоздырғыштар  жатады.  Дайындау  жүйесінің 

кəсіпорындарында негізінен алғашқы екі тəсіл қолданылады. 

Тышқандар  мен  егеуқұйрықтарды  аулау  үшін  қақпан, 

тұзақтар 

пайдаланылады. 

Олар 

еліктіргіштермен 



бірге 

кеміргіштер көп жүретін жерлерге тасталады. Еліктіргіш ретінде 

кеміргіштер жейтін: шошқа майы немесе өсімдік майы жағылған 

нан  қиқымдары,  кептірілген  балық,  ет,  көкөніс  жəне  басқа  да 

өнімдер пайдаланылады. 

Химиялық  күрес  тəсілі – бұл  газды  дератизация,  улағыш 

еліктіргіштер  (ішек  уы)  қолдану,  объектілерді  улы  заттармен 

тозаңдандыру. 

Газды  дератизация – кеміргіштерді  тікелей  қоймаларда, 

індерінде  құртатын  тиімді  тəсіл.  Бұл  үшін  дихлорэтан 

қолданылады. 

Кеміргіштермен  күрес  үшін  улайтын  еліктіргіштер  жиі 

қолданылады.  Бұл  үшін  азық  өнімдері  мырыш  фосфидімен, 

крысидпен, ратинданмен, мышьяк препараттарымен, зоокумарин 

жəне басқалармен араластырылады. 

Тозаңдандыру  əдісі  індер  мен  бос  өндірістік  үйлерді 

дератизациялау  үшін  пайдаланылады.  Ол  удың  кеміргіштердің 

табаны мен терісіне жабысып, денесін жалаған уақытта асқазан-

ішек жолына түсетіндігіне негізделген. 

Тышқан  тектес  кеміргіштермен  күрес  аталған  хайуандардың 

қоршаған  ортаға,  жыл  мерзімі  мен  басқа  да  себептерге  қарай 

өзгеріп  отыратын  биологиялық  ерекшеліктері  мен  мінез-

құлықтары ескеріле отырып жүргізілуге тиіс. 

 

 



 

 



 

478


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет