Зиянкестердің өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай жасау.
Жəндіктер мен кенелердің тіршілігіне əсер ететін факторлар –
ылғалдық, температура жəне атмосфера құрамы. Астық сақтау
тəртібін қадағалау, əсіресе, оларды ауасыз салқын ортада ұстау
жоғарыда айтылған алдын-алу шараларының өзегі болып
табылады. Астық зиянкестерінің өсіп дамуының шарттары болып
табылатын қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығы
туралы мəліметтер арнаулы құжаттарда (нұсқауларда) берілген.
Жою, құрту шаралары. Жəндіктер мен кенелерді жою үшін
қолданылатын шаралар дезинсекция деген атқа ие болған. Оған
физикалық-механикалық жəне химиялық тəсілдер жатады.
Дезинсекция тəсілі зақымданған объекті сипатына, зиянкестердің
зақымдау дəрежесіне, олардың түріне, кəсіпорынның техникалық
мүмкіндігіне, зарарсыздандыру мерзіміне, маусымдағы ауа райы
473
жағдайына жəне дезинсекция жұмыстарының құнына қарай
таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |