7.7. Астықты рециркуляциялық кептіру
Астықтың кептіру нысаны ретінде тиімді қасиеттері: жоғары
ылғалинерциялығы жəне термосезімталдығы дəндер ылғал-
дылығын одан сайын төмендету мақсатында үдерістің
122
қарқындылығын тежейді. Конвективті кептірудің дəстүрлі
тəсілдерінде, экономикалық тиімді тəртіптерді қолданған
жағдайда бір рет өткізгеннен дəндердің ығалдылығын, оның
сапасын нашарлатып алмай 6...8%-ға асыра төмендетудің сəті
болмай жүр. Дəндер рұқсат етілген температураға тез қызып
кетіп, қажетті ылғал мөлшерін шығаруға үлгірмейді.
Кептірудің құрамаланған конвективті-контактылы тəсілін
қолданып, ал сорбент ретінде кептіргіште тұйық шеңбермен
айналып жүретін құрғақ дəндерді пайдалану арқылы осы міндетті
атқаруға болады. Кептірудің мұндай тəсілі рециркуляциялық деп
аталады. Бұл жағдайда ылғалды буландыруға қажетті жылу
дəндерге конвективті жолмен беріледі, бірақ əрі қарай берілген
жылу ысыған рецикулденуші дəндер мен кептіргішке келіп
түскен салқын дымқыл дəндер мен жанасқанда кондуктивті
жылуалмасу жолымен қайта таралуы мүмкін.
Дəндерді рециркуляциялық кептірудің бірнеше нұсқалары
бар. Солардың негізгілерін қарастырып көрейік.
Бір нұсқада дəндердің рециркуляциясының принципін
дəндердің қыздырылуы мен салқындату циклділігімен қатар
қолданады. Кептірудің бұл тəсіліне: а) дымқыл жəне
рециркулденуші дəндерді жоғары температуралы кептіру
агентімен қысқа мерзімде ысытып, кептіру; б) құрғақ
рециркулденуші дəндер мен кептіргішке келіп түскен дымқыл
дəндер арасындағы жанаспалы жылу-ылғалалмасу; в) рециркул-
денуші дəндерді аралық салқындату жатады.
Кептіргішке келіп түскен дымқыл дəндер температурасы
жоғары құрғақ рециркулденуші дəндермен араластырылады.
Дəндер қоспасы қыздырушы құрылғыға əкелінеді, сол жерде оған
жылу беріледі; дəндер шектеулі рұқсат етілген температураға
дейін қыздырылады. Сол кезде ішіндегі ылғалдың белгілі бір
мөлшері буланып кетеді. Дəндер қоспасы қыздырушы
құрылғыдан жылу-алмастырғышта тынығу үшін орналасты-
рылады. Мұнда дəндер температурасы біркелкіленеді де, ылғал
дымқыл жəне құрғақ рециркуляцияланушы дəндер арасына
ішінара таралады. Жылуалмастырғышта дəндердің көп бөлігі
аралық салқындату аймағына түседі, мұнда оларға сыртқы орта
ауасының əсері тиеді де, нəтижесінде дəндерде қыздыру
үдерісінде жиналған жылу есебінен ылғал өздігінен буланады.
123
Аралық салқындату аймағынан шығарда дəндер толығымен
рециркуляцияға қайтарылады. Дəндердің едəуір аз бөлігі жылу-
ылғалалмастырғыштан дəндердің ақырына дейін кебу мен
салқындату аймағына жіберіліп, сол жерден кептіргіштен
шығарылады.
Рециркулденуші дəндер аралық жылуылғалтасушының рөлін
атқарады. Дымқыл дəндерге қарағанда, анағұрлым жоғары
температураға қыздырлған дəндер жылуы – ылғылалмастыр-
ғышта жылуының бір бөлігін дымқыл дəндерге береді де, өзі
дымқыл дəндермен жанасудан ылғалданады. Одан кейін
рециркулденуші дəндер сіңірген ылғал аралық салқындату
аймағы мен қыздырғыш бөлікте буланып кетеді.
Бастапқыда дымқыл дəндер қыздырғышта конвективті
жолмен, содан кейін анағұрлым жоғары температуралы
рециркулдеуші дəндермен жанасқанда жылу-ылғалалмастыр-
ғышта кондуктивті жолмен қыздырылады.
Рециркуляциялық кептіру үдерісі əрқайсысы дəндердің
қарқынды қысқамерзімді қыздырылуы мен кептірілуінен,
дымқыл жəне рециркулденуші дəндер арасындағы контактылы
жылу-ылғалалмасудан, сонымен бірге рециркулденішу дəндердің
аралық салқындауынан тұратын бірнеше циклдерден құралады.
Дымқыл
дəндер
көпреттік
қыздырғыштан,
жылу-
ылғалалмастырғыштан жəне аралық салқындату аймағынан өтіп,
белгіленген ақырғы ылғалдылыққа дейін кептіріледі. Кептіру
циклдерінің саны дəндердің бастапқы ылғалдылығына, бір
циклде ылғалдылықтың төмендеу шамасына тəуелді. Кептірудің
қарастырылған нұсқасында бір цикл ішінде 0,8...1,5%
аралығындағы мардымсыз ғана ылғал мөлшерін жоюдың сəті
түсті. Дəндерді қыздыру мен салқындату циклдерінің
кезектестірілуі (кептірудің осциллдеуші тəртібі) дəндердің
температурасы мен ылғалдылық градиенттерінің төмендеуіне
ықпал етеді де, сапасының нашарлауының алдын алады. Дəндерді
салқындату əсерінен оны кептіру жылдамдығы күрт төмендейді.
Сондықтан рециркулденуші дəндердің температурасы қатты
төмендетілмеуі тиіс. Рециркулденуші дəндердің қатты тоңазуына
да жол берілмеуінің тағы бір себебі, дəндерге аккумулденген
жылудың бір бөлігі кептіргіштен ағылатын салқындатылған
ауаны жылытуға жұмсалады, бұл да өз кезегінде шығын болып
124
табылады. Бұл дəндердің аралық салқындатуда беретін
жылуының жалпы көлемінің 40...45%-ын құрайды.
Кептірудің сипатталған тəсілі осциллдеуші тəртіппен
рециркуляциялық кептіру деп аталады.
Бұдан өзгеше рециркуляциялық кептіру нұсқаларының басқа
түрінде дымқыл дəндерді рециркулденуші дəндермен араластыру
алдында шектеулі рұқсат етілген температураға дейін
қыздырады, ал рециркулденуші дəндернен ылғалды жою үшін
температурасы дəндердің температурасынан жоғары кептіруші
агентті
пайдаланады.
Дымқыл
дəндермен
араластыруға
жіберілген рециркулденуші дəндер температурасы қыздырылған
дымқыл дəндер температурасымен бірдей. Бұл нұсқада да
рециркуляциялық кептіру үдерісі бірнеше циклдерден құралады,
олардың əрқайсысы: а) дымқыл дəндерді бір мезетте кептіре
отырып, шектеулі рұқсат етілген температураға дейін
қыздырудан; б) құрғақ рециркулденуші дəндер мен кептіргішке
келіп
түскен
дымқыл
дəндер
арасындағы
жанаспалы
ылғалалмасудан; в) рециркулденуші дəндердегі ылғалды кептіру
агентінің көмегімен қарқынды буландырудан тұрады.
Дəндер қоспасы жылу-ылғалалмастырғышқа түсіп, мұнда
ылғал дымқыл жəне құрғақ рециркулденуші дəндердер арасына
ішін-ара таралады. Жылу-ылғалалмастырғыштағы дəндердің
едəуір бөлігі кептіру аймағына түседі де, мұнда температурасы
дəндердің температурасынан жоғары кептіруші агенттің əсеріне
ұшырайды. Кептіру аймағынан кейін дəндер екі ағынмен
таралады, олардың біреуі рециркуляцияға қайтарылады, ал
екіншісі ақырғы кептіру жəне салқындату аймағына бағыт алады.
Кептіру үдерісі де бірнеше циклдерден құралады, алайда, бір
цикл ғана ішінде осциллдеуші тəртіппен кептіргенге қарағанда,
ылғалдың анағұрлым көп мөлшері жойылады, яғни дымқыл
дəндердің ылғалдылық деңгейіне қарай 3...5% құрайды. Осыған
байланысты дəндер циркуляциясының саны қысқартылады.
Дымқыл дəндерді алдын ала қыздыру үдерісінде оның
ылғалдылығы 2...3% төмендейді. Араластырар алдында дымқыл
дəндер мен рециркулденуші дəндердердің температурасы бірдей
болғандықтан, жанаспалы ылғалалмасудың тиімділігі жоғары-
лайды да, дəндердегі ылғал диффузиясы коэффициентінің
көбеюіне байланысты одан кейінгі кептіру үдерісі жылдамдайды.
125
Рециркулденуші дəндер аралық салқындатуға жіберілмейді, яғни
оны қайта-қайта қыздыруға байланысты өнімсіз жылу
шығынының алдын алады.
Үдерістің бастапқы кезеңінде алдын ала қыздырылған
дымқыл дəндер мен рециркулденуші дəндердер қоспасының
кептіру қарқындылығының жоғары болғаны соншалық, дəндер
температурасы 10...15
о
С-қа дейін төмендейді, яғни ылғалдың
булануына дəндерді алдын ала қыздырғанда жиналған жылу
жұмсалады. Дəндерді үдерістің бастапқы кезеңінде салқындату
тек жылдамдықты төмендетпей қоймай, термоылғалөткізгіштік
есебінен дəндердің ішіндегі ылғалды оның бетіне қосымша
шығарылуына ықпал етеді. Əрі қарай булану аймағы дəндердің
ішіне қарай тереңдеген сайын, оның кебу жылдамдығы төмендеп,
температурасы өсе бастайды. Кептіру аймағынан кейін оның мəні
шектеулі
рұқсат
етілген
мəнге
жақындайды.
Дəндер
температурасының кептіру үдерісінің басы мен аяғында бірдей
болуы, рециркулденуші дəндерді аралық салқындататын
осциллдеуші деп аталатын тəртіптен өзгеше, бұл тəртіпті, шартты
түрде изотермиялық деп атауға болады.
Сөйтіп, дымқыл дəндерді кептірудің изотермиялық тəртібін
алдын ала қыздырумен бірге үйлестіру ылғалдың булану үдерісін
айтарлықтай қарқындатуға, бір циклде дəндер ылғалдығын
төмендету шамасының өсуіне, сол арқылы дəндердің кептіргіште
циркуляциясын азайтуға жəне де салқындатылған ауаға жылудың
өнімсіз шығындалуын болғызбауға мүмкіндік береді.
Рециркуляциялық кептірудің осы жəне басқа нұсқаларында
жылу-ылғалалмастырғышқа келіп түсетін дəндер қоспаларында
кептірудің əртрүлі циклдерінен өткен, яғни ылғалдылығы əртүрлі
дəндердер болады. Ең жоғары ылғалдылық кептіргішке жаңа ғана
келіп түскен жəне тек қыздыру кезеңінен ғана өткен дəндерде
болады. Бұл дəндердің жалпы массасындағы үлесі үлкен емес: ол
дəндердің бастапқы ылғалдығына тəуелді жəне дымқыл дəндер
мен рециркулденуші дəндердің араласу еселігімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |