табиғи құбылысы орын алады.
желдетуде, гидротермиялық өңдеуде де орын алады.
127
Осындай ылғал ауысу ылғалдылықтары əртүрлі екі ағындағы
дəндерді араластырып, кептірудің рецикуляционды əдісінде
маңызды мағынаға ие. Рециркуляционды кептіргіштің кейбір
технологиялық сызбаларында араласатын дəндердің ылғал-
дылығы ғана емес, температурасы да əртүрлі болады. Сонымен
қатар дəндер аралық ылғал алмасудың қарқындылығы
араласатын дəндердің ылғалдылығымен қатар температурасының
əртүрлі болуына да байланысты. Бүл жағдайда жылу жəне ылғал
алмасу үдерісі алынған əр дəндердің температурасы мен
ылғалының бірқалыпты болуына маңызы зор.
Əртүрлі ылғалдылықтағы дəндердің бірігуінен ылғал шикі
дəндерден кепкен дəндердерге сұйық жəне бу күйінде ауысады.
Ылғалдың
сұйық
күйде
ауысуы
кепкен
дəндердің
капиллярларының қыйылуы шикі дəндерге қарағанда, аздығымен
түсіндіріледі. Осыған байланысты капиллярлардың үлкен
диаметрдегі капиллярлардан ылғал сору құбылысы жүреді.
Бұл жағдайда ескеретін нəрсе ылғалдың сұйық күйінде
ауысуы энергетикалық шығынды талап етпейді. Бірақ сұйық
күйде ауысқан ылғалдың мөлшері аз болады себебі дəндердің
жанасатын бөліктері салыстырмалы түрде аз.
Сайып келгенде ылғал алмасу өзара сорбциялы десорбциялы
жолмен дəндер арқылы ауа қабатымен жүреді.
30-сурет. Жылу-ылғал түйісу үдерісіндегі ылғалдың (а) жəне
температураның (ə) дымқыл (1,2,3) жəне құрғақтың (4) өзгеруі
30-суретте көрсетілген қыйсық өзгерістер дəндердің жылу
жəне ылғал алмасу үдерісіндегі ылғал (а) мен температураның (ə)
өзгеруі. Дəндердің температурасы 1,5 ... 2,0 мин кейін-ақ
бірқалыптанады, ал ылғалдың үлестірілуі айтарлықтай аз
128
жылдамдықта жүріп жатады. Кепкен дəндердің температурасы
жоғарылаған сайын шикі дəндерінен ылғал ауысу қарқынды-
лығы жоғарылайды. Бұл кезде жалпы араласқан дəндердер
температурасы жоғарылап, шикі дəндердегі ылғал дифузиясының
коэффициенті өседі.
Контакты ылғал алмасудың қарқындылығы шикі дəндердің
ылғалының өуіне де байланысты. Ылғал алмасу бастапқы 15 …
20 минутта қарқынды жүріп, кейін үдерісс баяулайды, осы уақыт
ішінде шикі дəндердің ылғалдылығы 2,5 … 3,0 %-ға дейін
төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: