Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Құлау қабаты бар камерадағы дəндердің қызуы



Pdf көрінісі
бет65/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Құлау қабаты бар камерадағы дəндердің қызуы 

12-кесте 

Кептіруші агент 

температурасы, 

о

С 



Дəндердің 

температурасы, 

о

С 

Дəндердің 



ылғалдылығы, 

Кірерде  Шығарда  Кірерде



Шығарда 

390 


423 

500 


510 

82 


109 

79 


92 

38 


35 

39 


34 

55 


53 

56 


56 

13,2 


13,8 

14,5 


14,1 

 

7.6.  Қалқыған қабатта кептіру 

 

Дəндерді  қалқыған  күйде  кептіргенде  оны  кептіру  агентінің 



қалқыған  дəндердің  қозғалу  жылдамдығынан  асып  түсетін 

жылдамдықтағы  ағынға  қарай  жібереді.  Бұл  жағдайда  əрбір 

дəндер бір мезетте əрі қыздырылады, əрі кептіріледі.  

28-суретте  биіктігі 2,25 м  пневмоқұбырда  дəндерді  кептіру 

графигі  берілген.  Одан  дəндерді  бірнеше  рет  өткізеді.  Дəндер 

пневмоқұбырда  аз  ғана  уақыт  болғандықтан,  əр  өткізуде  оның 

ылғалдылығының  төмендеуі  мардымсыз  болды.  Дəндердің 

ылғалдылығын 3% азайту  үшін,  оны  кептіру  агентінің 

температурасы 200

о

С құбырдан 10 рет, ал 250



о

С құбырдан 7 рет 

өткізу  қажет.  Кептіру  агентінің  температурасы  қаншалықты 

жоғары  болса,дəндердің  қызуы  соншалықты  қарқынды  болады, 

əсіресе, беткі қабаты. Осы кезде дəндерде термоылғалөткізгіштік 

құбылысы  пайда  болады  да,  ол  дəндердің  ішіндегі  ылғалды 

сыртына онсыз да баяу шығарылуын, одан сайын тежейді. 

Астық  қабатының  əртүрлі  қабаттарында  конвективті  кептіру 

үдерісінің  келтірілген  заңдылықтары  оның  қызуы  булануға 

қарағанда,  айтарлықтай  үлкен  жылдамдықта  өтетініне  куə 

болады.  Астықтың  қызу  жылдамдығы  мен  кебу  жылдамдығы 

арасындағы  қатынас  кептіру  тəртібі,  дəндердің  бастапқы 

ылғалдылығы мен дəндерді қабат күйімен анықталады.  



 

120


 

 

28-сурет. Кептіруші агенттің əртүрлі температурасында 



пневмоқұбырдан өтуінің əртүрлі санында n дəндердің 

ылғалдылығы ω мен тепературасының θ өзгеруі:  

а – 200

о

С; ə – 250



о

С 

 



Дəндер  температурасы  кептіру  үдерісінің  ең  басынан  бастап 

қарқынды  көтеріледі  де,  соңына  қарай  дымқыл  термометр 

температурасынан асып түседі.  

 

 



29-сурет. Дəндер қабатының əртүрлі қалыптағы кебуі мен 

қызуының қисығы: а – толық гравитациялық қозғалу қабаты;  

ə – жалғансұйылу қабаты; б – қалықтау қабаты 

 

Кептіру  үдерісін  кептіру  агентінің  температурасы  мен 



жылдамдығын көтеру арқылы қарқындатуға талпыныс ылғалдың 

булану  жылдамдығын  жоғарылатып,  дəндердің  қызуын  одан 

сайын  қарқындатып  жіберуге  əкеліп  соғады.  Дəндер  шектеулі 

рұқсат  етілген  температураға  дейін  тез  қызады  да,  сөйтіп 




 

121


 

ылғалдылығын кептірудің бір циклінде төмендету мүмкіндігі өсіп 

қана қоймай, қайта керісінше, төмендейді.  

Қалыңдығы 200 мм  тығыз  гравитациялық  қозғалыстағы 

қабатта  жəне  кептіру  агентінің  температурасы 110...130

о

С 



кептіргенде  дəндер  шектеулі  рұқсат  етілген  температураға 

(50...55


о

С)  дейін 25...30 мин  ішінде  қызады.  Астықтың 

ылғалдылығы  бұл  кезде 5...6 % төмендейді  (дəндердің  жалпы 

массасына  есептегенде).  Кептіру  агенті  анағұрлым  төмен 

болғанда,  ылғалдылық  одан  да  көп  төмендеуі  мүмкін.  Алайда, 

бұл кезде кептіру уақытының ұзақтығы, сонымен бірге жылу мен 

электрэнергиясының меншікті шығыны да шұғыл көтеріледі.  

Жалған  қойыртпақты  қабатта  кептіру  агентінің  темпера- 

турасы 120...140

о

С  температурасында  кептіргенде  дəндер 



шектеулі рұқсат етілген температураға 40...50 мин ішінде қызады, 

ал  дəндердің  ылғалдылығы  бұл  кезде  небары 1,0...1,5 %-ға  ғана 

төмендейді. 

Қалқыған қабатта немесе құлау қабатында кептіргенде үдеріс 

едəуір  қарқындатылады.  Астықты  шектеулі  рұқсат  етілген 

температураға  дейін 5-6 с  ішінде  қызады,  ал  ылғалдылығы  тек 

0,5...1,0%  ғана  төмендейді.  Егер  тығыз  гравитациялық 

қозғалыстағы  қабатта  кептіру  жылдамдығы  минутына 0,2 % 

құраса,  жалған  қойыртпақты  қабатта  минутына 1,5...2,0 %, ал 

қалқыған  қабатта  минутына 10...15% жетеді,  яғни  тығыз 

гравитациялық  қозғалыстағы  қабаттағы  орташа  жылдамдықтан 

50...75  есе  көп.  Тығыз  гравитациялық  қозғалыстағы  қабатта 

дəндердің  қызуының  орташа  жылдамдығы  шамамен,  минутына 

2

о



С, ал қалқыған қабатта 500...600 есе дерлік жоғары.  

Сондықтан  дəндердің  ылғалдылығын 6...10% жəне  одан  көп 

төмендету  қажет  болған  жағдайда  дəндерді  қыздыру  мен 

салқындатуды  кезектестіретін  циклдік  немесе  астық  дəнінің 

оптималды  температурасында  изотермиялық  кептіруді  қолдану 

пайдалы болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет