204
Кептіру уақытындағы бидайдың ылғалдылығы, тұрып қалу
себебі, кептірілгенге дейінгі жəне соңынан бидайдың
температурасы, камерадағы температурасы жəне санитарлық
жағдайы жұмысшылар тарапынан күнделікке жазылып отырады.
Осылардың негізінде ұста арнаулы күнделікте жұмыс алып
барады. Сонымен қатар бұл журналға əр ауысымдағы жұмыс
нəтижесі жазылады. Онымен бірге ұста жоспардағы кептірілген
бидай мөлшерін, отын шығынын жазады. Кептіруге келген
бидайды алдымен өлшейді, бір партиялық бидайлар екі немесе
одан да көп кептіруге жіберілсе, оларды жеке-дара есептейді.
Егер бидайды кептіргеннен соң ғана өлшесе, оны мына
формуламен есептейді:
(99)
мұндағы: G
1
G
2
– бидайдың кептіргенге дейінгі жəне одан
кейінгі салмағы, кг;
W
1
W
2
– кептіруге дейінгі жəне соңғы ылғалдылығы;
Ылғалдылықтың
азаюының
арқасында
бидайдың
салмағының азаюы:
(100)
формуласымен есептелінеді.
Бидай кептіру барысында ылғалдылықтың кемуі байқалады.
Дəндердерді кептіруге жіберуден бұрын салқындатқыш жəне
кептіргіш шахталар, бидайға ашық жол дайындау үшін қораптар
аралары тексеріліп, шаң-тозаңнан тазартылады. Содан соң
желдеткіштерінің,
деффузорлардың,
сым
құбырлардың
жағдайлары, транспорт механизмдері, таразылар, қондырғылар,
термометрлер, дыбыстық белгілер, өрт сөндіру заттары
тексеріледі. Қондырғының жұмысқа толықтай дайындығын
тексеру үшін алдымен оны жай жүрісте тексеріп көреді.
Кептіргіштердің жұмысы трансформатор қондырғылырының
қосылуымен жəне кептіру шахтасының қосылуымен басталады.
Егер кептіру жəне салқындату шахталары арасында ақау болса,
онда бидайды шахтаға жібермес бұрын оны жабады кептіру
шахтасын бидайға толтырған соң, қалыпты жағдайдағы жануға
кептіру агентін жіберу үшін желдеткішті қосады. Одан соң жану
,
w
100
w
w
G
G
G
1
2
1
2
2
1
2
2
1
w
100
w
w
100
X
205
камерасына сыртқы ауаны жібереді. Сым құбырлардағы заттарды
кептіру шахтасына құрғату агентін, сонымен қатар сыртқы
ауаның салқындатуға арналған болады.
Кептірудің бастапқы уақытында астықтың бірінші партиясы
қозғалыстан тұрады. Сондықтан ол күйіп кеткес үшін кептіру
агентінің температурасы 100
0
С-дан аспау керек, кептіргіштердің
жұмысы бидайдың бастапқы ылғалдылығына қарай 30-60 мин
жалғасады. Шамамен 10-15мин соң. Шығарушы механизм іске
қосылып, əрбір 10-12 мин сайын аз мөлшерде бидай кептіргішке
қайтарып салып отырады. Төменгі қатардағы қораптардың
температурасы белгіленген мөлшерден 10-15 мин төмен болғанда
шығарушы механизм іске қосылады. Астық бастапқыда
айтарлықтай кептіріліп шықпайды, сондықтан олар екінші рет
кептіріледі. Механизм іске қосылған соң температура белгіленген
мөлшерге дейін көтеріледі. Салқындатқыш камера бидайға
толған кезде салқын ауа вентиляторы, одан соң істеп шығарушы
механизм қосылады, қорап мен шахта бидайға толы болуы керек.
Кері жағдайда кептіру агенті сыртқа шығып қалады. Олардың
астыққа толып тұру мөлшерін датчиктер белгілейді немесе өзі
ағатын құбыр артық бидайды төменге ағызады. Жіберу жұмысы
аяқталған соң кептірудің қалыпты режимі белгіленеді. Кептіру
агентінің температурасын жабу мен сыртқы ауаны қосуды
өзгерте отырып, дұрыстайды. Салқындатқыш шахтадан шыққан
бидайдың температурасы сыртқы ауаның 10
0
С-нан артық
болмауы керек, ал қыста -5
0
С.
Кептірудің соңында бидайдың мөлшері кептіру шахтасына
дейін түскенде механизм өшіріледі, ал қалған бидай кептіру
агентінің төменгі температурасында аяғына дейін құрғатылады
(100
0
C-тан жоғары емес).
Шахтадағы бидайдың мөлшері салқындатқышқа дейін
түскенде бидайлар (дəндердер) толық салқындатылғанша
механизм тоқтатылады, одан соң салқындатқыш шахтадағы
вентилятор өшіріледі, шығарушы механизмді қосып, шахтаны
бидайдан босатады.
Достарыңызбен бөлісу: