Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет86/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

«Целинная»  астық  кептіргіші.  «Целинная – 50» дəндер 

кептіргішінің  типі  бойынша  «Целинная – 36», «Целинная – 30» 

жəне  «Целинная – 60» рециркуляцияланған  астық  кептіргіштері 

шығарылған.  

ПРЗ-50  дəндер  кептіргішінің  ерекшелігі,  онда  басқа 

желілердің бөлек конструктивті өзгерістері енгізілген.  

ВНИИЗ  өткізілген  зерттеулердің  негізінде  изотермиялық 

режимінде  кептіру  жəне  алдын  ала  ысытылған  ылғал  астықты 

қолданумен  рециркуляцияланған  кептіргіштің  тиімді  əдісін 

ұсынды.  

Бұл əдістің негізі келесіде: 

1)  алдын  ала  ысытылған  ылғал  астықты  көтерілген  қабатта 

іске асырады; 

2)  алдын ала ысыту құрылғысы арқылы ылғал астық өтеді; 

3)  рециркуляцияланған жəне ысытылған астықты араластыру 

алдында температуралары бірдей болады; 

4)  ылғалдың  бөлінуі  контактілі  масса  алмастыру  үдерісінде 

жəне дəндер қоспаларын кептіру шектеулі температурада өтеді; 

5)  рециркуляцияланған 

астық 


аралық 

салқындатуға 

ұшырамайды; 

6)  рециркуляцияланған  астықтан  ылғалды  жою  үшін 

қолданылатын  кептіру  агентінің  температурасы  астық  ысыту 

температурасын жоғарлатады (50 – 60°C).  



61  б-суретте  «Целинная – 36» дəндер  кептіргішінің 

изотермиялық режимдегі технологиялық сұлбасы көрсетілген.  

Дымқыл астық нориямен қорапқа (1) беріледі, одан ол алдын 

ала ысыту камерасына түседі, 16-20°C ысытылады. Содан дəндер 

негізгі  ысыту  камерасына (2) түседі,  нория (3) пен  рецир- 

куляцияланған  астыққа  жіберіледі.  Мұнда  рециркуляция- 

ланған жəне ылғал астық араласады жəне шектеулі температураға 

дейін ысытылады. Негізгі ысыту камерасынан астық жылу, ылғал 

алмастырғышқа (4) түседі, 

температура 

түзеліп 

жəне 


рециркуляцияланған  жəне  ылғаластық  арасындағы  біртекті 

бөліну жүреді. Осыдан дəндер екі ағынмен изотермиялық кептіру 

шахтасына (5) жəне  соңына  дейін  салқындату  шахтасына (6) 

түседі.  




 

195


 

 

61 б-сурет. «Целинная – 36» астық кептіргішінің 



рециркуляциялы-изотермиялық режимдегі  

технологиялық сұлбасы 

1-қорап; 2-қыздыру  камерасы; 3-нория; 4-жылуылғал- 

алмастырғыш; 5-изотермиялық  кептіру  шахтасы; 6-ақырғы  рет 

салқындату шахтасы 

 

Изотермиялық  кептіру  шахтасынан  астық  қайтадан  норияға 



(3)  жəне  негізгі  ысыту  камерасына  түседі.  Соңына  дейін 

салқындату  шахтасынан  астықты  транспортты  құралдар 

көмегімен сақтау қоймасына жібереді.  

Рециркуляционды изотермиялық режимінде кептіру, астықты 

алдын ала ысыту астық кептіргіштерін енгізу өнімділігін орташа 

25-30%  жоғарылатуға,  жылудың  салыстырмалы  шығынын 10% 

жəне электроэнергияны 10-15%-ға төмендетуге болады. Берілген 

əдіспен  кептіруде  агрегаттағы  рециркуляцияланған  астықтың 

цикл  саны  төмендейді.  18-кестеде  рециркуляциялық  астық 

кептіргіштерінің техникалық сипаттамасы көрсетілген. 

А1-УЗМ 

астық 


кептіргіш.Бұл 

күнбағыстың,жүгерінің, 

бидайдың  жəне  азық  түліктік  басқа  да  дəнді  дақылдардың 

тұқымдарын кептіруге арналған. 

А1-УЗМ  астық  кептіргіші  төмендегі  негізгі  бөліктерден 

тұрады: кептіргіш үстіндегі бункер; екі кептіргіш шахтасы; жылу-




 

196


 

ылғал  алмастырғыш;  жапқыштары  бар  қысымды – бөлгіш 

камералар;  желсіз  астық  шығарғыш  құрылғы,  желілі  астық 

шығарғыш  механизм;  екі  Ц4-76-1ОЖ-02  желдеткіштерін  іске 

қосатын  желдеткіш  қондырғы;  сұйық  отынды  жағуға  арналған 

оттық;басқару  шкафы;  жұмыс  істеп  болған  кептіру  агенті  мен 

салқындатқыш  ауаны  тазалау  жүйесі;  екі  нори;  алаңдар  мен 

сатылар жəне салқындатқыш шахталары болады. 

 

 

 



а 

ə 

 



62 а-сурет. А1-УЗМ астық кептіргіші (жалпы көрініс):  

1-кептіргіш  үстіндегі  қорап; 2-диффузор; 3-желдеткіш;  

4-пеш; 5-басқару  пульті; 6, 12-шығару  қондырғысы; 7-бөлу 

камерасы; 8-кептіру  шахтасы; 9-пайдаланған  кептіру  агентін 




 

197


 

тазарту  жүйесі; 10-жылуылғал  алмастырғыш; 11-салқындату 

зонасы; 13-нория.  

Дымқыл астық қоймалардан немесе элеваторадан оперативті 

қорапқа 1 беріледі  жəне  ол  жерден  өз  бетінше  ағатын  құбыр 

арқылы №1 нориге / қорап толып кеткен кезде дымқыл астықтың 

өздігінен ағатын құбырындағы 1 ысырма жабылады/ келіп түседі. 

Астық  кептіргішті  толтыру  үшін 60 тоннаға  жуық  астық  қажет 

етіледі. 

Астық №1 норидан өздігінен ағатын құбыр арқылы кептіргіш 

үстіндегі 4 қорапқа,  ал  одан  əрі 5 кептіргіш  шахтасына  жəне  

2 жылу-ылғал алмастырғышқа қарай бағытталады. Астық желсіз 

3  астық  шығаратын  құрылғы  арқылы  №2  нориге  келіп  түседі. 

Нориден  астық  өздігімен  ағатын  құбыр  бойымен  кептіргіш 

үстіндегі 6 бункерге бағытталып жіберіледі, ал астықты қопарып 

құю 7 бөгет  арқылы 8 қорапқа  жəне  каскад  үлгісіндегі  

9 қыздырғышқа төгу арқылы жүзеге асырылады. Қыздырғыштан 

астық  негізгі  өздігінен  ағатын  құбыр  бойымен  №1  нориге 

бағытталады,  ол  бұл  жерде  Т  қораптан  келіп  түсетін  дымқыл 

астықпен араласады. Кептіргіш үстіндегі 6 қорапқа келіп түсетін 

астық 10 кептіргіш шахтасы жəне 14 салқындату аймағы арқылы 

өтеді. Астықыты шахтадан шығару 16 шығару механизмі арқылы 

жүргізіледі,  ал  оның  жұмыс  тəртібі  астықтың  соңғы 

ылғалдылығына  байланысты  реттеліп  тұрады.  Астық  кептіргіш 

үстіндегі  қораптан  №3  норидің  көмегімен  қоймаға  немесе 

элеватор силосына беріледі. 

Егер  салқындатқыш  аймағынан  шығатын  жерде  астықтың 

ылғалдылығы  нормадан  артық  болса/бақылау  ылғал  өлшегіш 

арқылы  жүзеге  асырылады/,  онда  қопарғыш  өздігінен  ағатын 

құбырды  аспалы  жауып  тастайды  жəне  кептірілмеген  астық 

қайтадан кептіргішке оралады. 

17 оттықтағы жəне 14 салқындату шахтасындағы қосарланған 

кептіру  агенті 11 жəне 12 желдеткіштердің  көмегімен  сорылып 

алынады  да  қысымды – бөлгіш  камераға  жіберіледі.  Каскад 

үлгісіндегі 9 қыздырғыш  арқылы  өткен  астық  құлап  жатқан 

қабатында  қыздырылады,  ал  кептіру  агенті 5 жəне 10 кептіру 

шахталарына  келіп  түседі.  Мұнда  астық  баяу  қозғалатын  тығыз 

қабатта кептіріледі.  




 

198


 

А1-ДСП-50  астық  кептіргіші 61 ə-суретінде  көрсетілген 

технологиялық  сызбамен  зауытта  жасалынады.  Бұл  кептіргіш  

10  жəне 19 шахталарынан  тұрады.  Олардың 12 жəне 18 жеке- 

ленген  кептіру  қораптары  бар. 6 жылуылғал  алмастырғышы,  

9  оперативті  қорабы, 20 жəне 21 желдеткіштерінен  тұрады.  

10  жəне 19 кептіру  шахталары  ауаны  үрлеумен, 24 салқындату 

шахтысы  сору  негізінде  жұмыс  атқарады.  Рециркуляциялық 

дəндер  екінші  кептіру  зонасының 19 шахтасынан  кебуге  түскен 

ылғал  астықпен  араластыруға  алынады.  А1-ДСП-50  астық 

кептіргішінің  басты  өзгешелігі  оның  рециркуляцияға  қажетті 

астық  дəндерін  алуға  арналған  қондырғысына  байланысты.  Бұл 

қондырғы кептіру шахтасының төменгі жағына орналасқан. 

 

62 ə – сурет. А1-ДСП-50 астық кептіргішінің  



технологиялық сызбасы. 

1-пеш; 2, 3, 4-нориялар; 5-шығару  механизмі; 6-жылуылғал 

алмастырғыш; 7, 13, 14, 15, 17-астық  өткізетін  құбырлар;  

8, 22, 25-шөктіретін  камералар; 11-қақпақ; 12, 13-кептіргіштің 

үстіндегі  қораптар; 16, 27-аударғыш  клапандар; 20, 21-жел- 

деткіштер; 23-астықтың  ылғалын  өлшегіш; 24-салқындату 

камерасы; 26-шығару қондырғысы. 

 



 

199


 

Қарастырылған  рециркуляциялық  астық  кептіргіштердің 

техникалық сипаттамасы 15-кестеде берілген.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет