9.5. Астық кептіру жоспары жəне кептіргіштердің тиімділігі
Кептіру жоспарын нан қабылдау мекемелерімен бірге
жасайды. Құрғақ жəне ылғал астықтың шамасын өткен 4 – 5 жыл
есебі негізінде қарастырады.
Астықты
кептіру,
оны
дайындау
алдында
белгілі
аудандардың ұжымдары тарапынан жоспарланған бидай есебімен
анықталады. Құрғату жоспарын бидайды стационарлық құрғату
(кептіру) айына 6 – 5 сағаттан, ал əрекеттегі кептіру 540 сағаттан
кем болмаған жұмыс есебімен белгілейді. Басқа уақытта ай
бойына, əр он күн сайын тексеруді, қателіктерді дұрыстауды
бірқатар бидайларды кептірген соң, екінші тобын құрғату үшін
бидай кептіргіштерді (құрғатқыштарды) тазалау жұмыстарын
алдын ала қарастырады.
Астықты кептіру жоспарлары технологиялық жəне жеке
тізбектерде тұрған бидай кептіргіштердің мөлшерін жəне өндіріп
шығаруын, сонымен бірге осы бидай кептіргіштердің бір
жіберілімдегі алынуға мүмкін болған ылғалдылығын есепке алып
отырып, ылғалдылықтың 20–дан 14%-ға дейінгі төмендеуінен
жоспарланады.
Кептірудің мерзімін жоспарлауда бидайды кептіруге
жіберуге дейінгі уақытша сақтайтын, бидайды жақсылап
желдетіп тұратын қондырғылары бар қоймалардың саны есепке
алынады. Барлық келіп түскен бидайларды кептірместен бұрын
ылғалдылығы 4%-дан жоғары болмаған ірі партияларға
жинақтайды. Бұл бір кептіруден екіншісіне өтер кезінде бидай
кептіргіштерді тазалау үшін тоқтатылуымен байланысты
болғандықтан керек болады, ал дұрыс ылғалдылық болмаған
жағдайда кептірілген бидай партияларының бірқалыпты
еместігіне жол беріледі.
Əртүрлі топтарға арналған режимдермен қатар көрсетілген
арнаулы нұсқаулықтармен бидайды кептіру тəртібі белгіленеді.
Бұл нұсқаулықтың негізгі жағдайлары төмендегілермен сəйкес
келеді: алдымен құрғақ бидай соңынан ылғалды бидайлар
кептіріледі, ал орташа құрғақтықтағы бидайлар арнаулы
203
тапсырыспен құрғатылады. Сонымен қатар бірінші орында
залалданған бидайлар жіберіледі. Алқапта жаңадан жиналған
бидайларды құрғату ертерек басталады. Оларды қабылдағанда аз
сақталатын бидайларды алдымен кептіріледі. Кептіру міндетті
түрде орындалатын жағдай, бұл құрғатып жатқанда кептіретін
камерадан бірқалыпты шығуына кедергі келтіретін сабан, шаң-
тозаңдардан бидайды тазалап алу.
Достарыңызбен бөлісу: |